kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жа?аша о?ыту

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ытуды? ?ыр-сыры жайлы. Заман талабына сай жа?аша о?ыту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жа?аша о?ыту»

Мазмұны


Кіріспе (мәселенің негіздемесі, өзектілігі)


Негізгі бөлім


а) теориялық материал

ә) қысқа мерзімді жоспар


Қорытынды


Әдебиеттер тізімі





































Өздік жұмысы


Тақырыбы:


ҚР Мемлекеттік стандартына сай қысқа мерзімді жоспарын жасаңыз


































































































Орындаған:

Бурабай ауданы Успеноюрьевка орта мектебі

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Ахметжанова Ж.С.

































































Кіріспе

Қазіргі таңда сабақтың өзгеше өтуі, яғни дәстүрлі емес сабақтың өтуі мұғалімнің жоспарды құруынан басталады. Жаңаша білім беру бағдарламасы маңызды үш құжаттан тұрады: бағдарламаның өзі, ұзақ мерзімді жоспар, орта және қысқа мерзімді жоспар. Оқудың әрбір кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға ілгерілеуді қамтамасыз ету – қысқа мерзімді жоспарда жоспарланады. Қысқа мерзімді жоспар орта мерзімді жоспардың құрамындағы бір тақырыпқа байланысты, оқушыға арнап құрылған сабақ жоспарының формасы немесе үлгісі. Яғни, Қысқа мерзіміді жоспар – жеке, дербес сабақ жоспары болып табылады. 
Қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрудың негізгі міндеттеріне келсек: 
• сабақтың тақырыбын анықтау; 
• әр тақырыпты меңгертудің мақсаттары мен міндеттерін белгілеу; 
• оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін түрлі әдіс-тәсілдер қолдану; 
• тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым дағдылары бойынша түрлі жұмыс түрлерін дайындау; 
• төрт дағдыны қалыптастыру үшін ұсынылатын оқу материалдарымен ресурстардыоқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай іріктеп алу; 
• уақытты үнемді және нәтижелі пайдаланудың жолдарын қарастыру; 
• жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау үшін рефлексия ұйымдастыру. 
• сабақтың мазмұны бойынша қорытынды жасау; 
• оқушыларға өзін-өзі тексеруге және бағалауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар дайындау; 
• тақырыпты пысықтау үшін үй тапсырмасын әзірлеу. 
Міне,сабақтың жоспарын осы сұрақтарға жауап беретіндей етіп және сабақ құрудың жоғарыдағы міндеттерін ескере отырып жоспарласақ, нәтижеге жетеміз. 
Ал, нәтиже: 
• оқушыға бағытталуы керек; 
• белгілі бір бағытты сипаттайтын етістіктер арқылы кұрылуы керек; 
• оқушының жас ерекшелігі мен оқу үлгеріміне сай болуы қажет. 
Сонымен, қысқа мерзімді жоспар мұғалімге емес оқушының нақты әрекетіне бағытталады. Жеті модульді ықпалдастыра отырып, мұғалім мен оқушының әрекетін алдын – ала көпіршелер арқылы жоспарлау өте тиімді болмақ. Сол кезде ғана белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге болады. Жоспарда оқушы мен мұғалім әрекетімен қатар нәтиже мен қолданылатын ресурстарды да енгізуге болады. 
Қысқа мерзімді жоспардың нақты қатып қалған қағидасы жоқ. Ол мұғалімнің шығармашылығының жемісі десе де болады. Жоспардың әр бөліміне мұғалім кері байланыс орната білу тиіс. Осы жағдайда сабақ барысында «Өздігенен реттелген оқу» жүзеге асады. Өздігінен реттелген оқу негізгі үш элементтен тұрады: 
1.тапсырмамен жұмыс барысында өздігінен бағытталушылығы; 
2.оқушының проблемалар мен мақсаттарды өздігенен анықтауы: 
3.проблеманы шешу мен мақсатқа жету үшін әдіс – тәсілдерді өздігінен таңдауы.

Адамның адамшылығы....жақсы ұстаздан боладыАбай Құнанбаев. Бүгінгі заман ағымы болашақ ұрпақтың ой-өрісінің кеңеюі, шыңдалуы, жеке тұлға ретінде қалыптастыруын талап етеді. Осы орайда ұлы педагог Ушинскийдың «Бала-балқытылған алтын» деген қанатты нақыл сөздері менің есіме түседі. Көз алдымыздағы балаға қалай бағыт берсек, олар да солай өседі.

Елді өсіретін де, елді төмен түсіретін де – білім. Сондықтан қолда бар амалдарды тиімді пайдана білу сіз бен біздің үлесімізде!

Негізгі бөлім

Ел болашағы бүгінгі мектеп қабырғасындағы ұрпақ екені даусыз. Ертең ел тізгініне ие болар жеткіншектеріміздің ғаламдық өркениеттен қалып қоймай, білімді, тәрбиелі, жан - жақты болып қалыптасуының қамтамасыз етілуі – мемлекеттік маңызы бар іс. Бүгінгі таңда білім саласында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Осы өзгерістерді жүзеге асыру, әсіресе, ұстаздарымыздың біліміне, кәсіби шеберлігіне көп байланысты [1]. Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов «Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік - сол білімді іске асыра білу дағдысы» - деп бекер айтпаған. «Біліктілік» деп қандайда бір еңбектің түріне дайындалудың, дайындық дәрежесінің деңгейін айтады.

Оқыту үдерісіндегі басты элемент – сабақ, қысқа мерзімдік жоспар жасау барысында, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін қандай жұмыс түрін пайдаланатынымды ойластырдым және 7 модульді кіріктіруге негіздедім.

Негізгі мақсатым: тақырыптың  мән-мағынасын ашу. Қазақ тіліндегі сөздік қоры артып, күнделікті сөйлеу жүйесінде қолдандыра білуге үйрету. Оқушылардың қиялын, шығармашылық қабілетін дамыту. Өзінің және өзгенің даралығын бағалауға баулу.

Нәтижесінде өз ойларын жеткізе біледі, бағалайды, мәтінмен жұмыс жасайды, оқиғаға өзіндік баға береді. Топта  жұмыс жасау қабілеттері қалыптасады.

Менің бірінші өзгерісім орта мерзімді жоспарды құрудан басталды. Өйткені, мен бұрынғыдай сабақ жоспарын құра салмадым. Әр сабағыма жоспар құрғанда, жеті модуль идеяларын қалай орынды сабағымда жүзеге асыра аламын және қандай нәтиже көре аламын, уақытты қалай тиімді қолдана аламын деген ойлар ойымда туындап жатты. Сабақтар топпен жұмыс жүргізу арқылы өтетінін білгенде оқушылар қуанып кетті. Жалпы алғанда Дьюидің зерттеуін басшылыққа алып, курстан кейін өз іс-тәжірибемде оқушыларды топқа бөліп отырғыздым. Топта отырған оқушылар бір-бірімен диалог құрып, өзара әңгімелесе отырып, оқуда енжарлық танытпай, бір-біріне түсінбегенін түсіндіріп, тығыз қарым-қатынасқа түсе бастады. 9 - сынып оқушыларымен өтілген әрбір сабағымда топтық жұмыс кеңінен орын алатындығына алдын ала болжадым. Оқушыларды топқа бөлу үшін түрлі тренинг өткіздім. Өйткені бұрынғы сабақтардағыдай отырғаннан гөрі топпен жұмыс жасауда оларды күнделікті бір оқушымен емес араластыра бөлу. Себебі бетпе-бет отырғанда өз ойларын ашық айта алатындықтарын, бір-бірінен білмегендерін сұрауға жағдай туатындығын білеміз. Келесі мәселе сабағымның жоспарын құру болды. Міне осы сәтте өз бойымда бір өзгеріс барын байқадым. Өйткені бұрынғы жоспарларымды көргенде, қазіргі жоспармен айырмашылығы екі түрлі. Ал мына бағдарламадан кейін осы сияқты курстардың қажет екенін түсіндім. Біздің бұрынғы сабағымызда жаңа сабақты мұғалімнің көмегінсіз оқушылардың өз бетімен түсінуі сирек кездесетін, курста оқыған білім берудің жаңа тәсілдеріне сүйене отырып, сабағымды өткізгенде жаңа тақырыпты оқушылар өздері меңгере бастады. Бұл қалай жүзеге асырылды? деген сұрақ туындады. Оқушылыр жаңа материалды топпен жұмыста оқып, өзара бір-біріне түсіндіруге, талқылау кезінде әңгімелесе отырып флипчартқа түсіруге, топта қорғап, өз ойларын дәлелді сөйлеуге уақыт бергенде, өзара оқыту, топтастыру, миға шабуыл, болжау әдістері, АКТ-ны қолданғанда, оқу үрдісінде өз бетімен білім алудағы қызығушылықтарының артқанын байқадым. Өзімді-өзім өзгерте отырып, әр өткізген сабағымның соңында оқушылармен кері байланыс орнаттым. Оқушылар өз ойларын үнемі жақсы жағынан айтып отырғаны мені және кейбір әріптестерімді қызықтыра түсті. Күнделікті сабағымда терең ойлап жеті модуль идеяларын кіріктіре оқытуға тырыстым. Сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін тапсырмаларды әртүрлі бағытта АКТ жиі қолдана отырып, тереңінен ұғынуға ұсынып отырдым. Оқушылардың өз бетімен білім алуына бағыт бере отырып, нәтижесін топта, жұптық әңгімеде қалай орындайтындығын және дәстүрлі сабақтан айырмашылығын жиі бақыладым. Әрине оқушылармен мен үшін осы аталған жеті модулді бір-бірімен байланыстыра отырып, сабақты қызықты өткізу маған да оқушыларға да ұнағанын байқадым.

Топтық жұмыста, маған көшбасшылық жасауға да қолайлы болып көрінді. Өйткені дарынды баланы анықтау, оқушылар арасындағы көп сөйлемейтін, ылғи да шетте қалып қоя беретін балаларды іс-әрекетке қатыстыру жеңілге түсті. Сабақ барысында жекелеген оқушыларға ғана сұрақ қоятынмын, қазір топтық жұмыста барлық оқушыны қамтуға тырысамын, тақырыпты бірнеше қырынан талдап айтып беруіне мүмкіндік мол. Оқушыларға өз идеяларын ойластыруға толық уақыт берілгендіктен, мазмұнды және дәлелденген жауаптарды ынталандыратын сұрақтар қойып, сыни тұрғыдан ойлауға, тақырыпқа деген қызығушылығын арттыруға, тақырыпқа ынталандыруға диалогтік оқытудың пайдасы зор екендігін білдім. Оқушылар өз жауаптарымен диалогтың барысына ықпал етуге мүмкіндік мол бердім.Сонымен қатар олардың сабақ барысында бірін-бірі оқытуы, өзін-өзі реттуін көруге болады. Топта берілетін жұмыс кезекпен орындалатын болса, әлгі бала кезегі келгенде міндетті түрде сабақ айту керектігін біліп дайындалады. Алғашында әрі кетсе бір-екі сөз айтса да біртіндеп үйренеді. Осы топтық жұмыс негізінде әр баланың қабілетін анықтап, қай балаға көбірек көңіл бөлу керек екені ап-айқын көрініп тұрады.

Жоспарларымызға жеті модульді кіріктіру мен үшін бір үлкен өзгешелік орнату болып көрінді. Әдебиет сабағында шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін берілген тапсырмалар арқылы оқушы дарындылығын анықтай аламыз. Атап айтсақ тақырып бойынша эссе жазу ол да бір жетістік.

Ал ол тапсырмаларды СТО модулі негізінде құрастырылған сабақтардан көрсете аламын. Қазақ тілі пәнінде АКТ-ны қолдану арқылы слайдтар мен бейнефильм көрсету кезінде немесе тағы басқа жаттығуларды орындау кезінде топтық жұмыс жүргізуге өте қолайлы. Компьютерге басып карточкаларды, кесте, сызбаларды, тест көбейтіп балаларға үлестіре аламыз. Бұрын аталған жұмыстардың барлығын қағазға қолмен сызып, бояп жасайтын едік. Қазір интернеттен түрлі суреттерді де алып қолдана аламыз. Интернет демекші қазіргі оқушылар компьютердің құлағында ойнайды. Бізде әр сыныптың өзінде рефераттарды компьютерге басып шығарып әкелуге барлық жағдай жасалған.

Диалогтік оқытуды өз пәнімде жиі қолдану қолайлы ма деймін. Өйткені әр тақырып барысында оқушылар жұптасып, топтасып диалог құрады, талқылайды, шешуін табу үшін сұрақ-жауап қолданылады, немесе ақындардың өмірлері туралы рефераттар жазғанда зерттеушілік әңгіменің пайдасы зор.

Аталып отырған модульдер қарап отырсақ бір-бірімен тығыз байланысты. Мысалы әр пәннен әр сабақта оқушыны дұрыс, әділ бағалау үшін деңгейлік тапсырмалар өте қажет пе деймін. Өйткені үш түрлі деңгейде берілген тапсырмалар оқушының қабілетін біртін-біртін шыңдай түсетін сияқты. Атап айтсақ түсіну деңгейінде оқушы – өздігінен ізденіп интеллектуалдық қабілетін дамытады, тапсырманы үлгі бойынша орындайды. Логикалық ойлау деңгейінің тапсырмасында- өзі ойланып ақпаратты толық меңгереді, тапсырманы өз бетімен орындай алады. Шығармашылық қабілетін дамыту барысында оқу материалын меңгеріп, қиындатылған тапсырмаларды, немесе басқа тапсырмалар беріледі. Ал әрбір жұмыстан кейін бағалауды бұрын қалай жасадық, оқушыларды жеке-жеке сұрайтынбыз және өзіміз бағалайтынбыз. Қазіргі таңда осы модульдер бойынша рефлексия жасауды үйрендік, кез-келген сабақтарды талдауға үйрендік оқушылар бірін-бірі, өзін-өзі бағалуға дағдыланды. Бұл тәсілдің де жақсы жақтары көрініп отыр. Өтілген тәжірибемдегі сабағымның бәрінде ең бастысы оқушылардың білім алуы мен оқыту үшін бағалауға үлкен мән бердім, оларғы әділ баға қою осы курстан кейін мен үшін жеңіл болғандай. Бағалаудың негізгі сипаты: бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін мұқият бақылауы болып табылады. Сондықтан да оқушыларға сабақта, кім сабаққа қалай қатысып, жауап бергеніндерін, бағалау парақтарының критерийлері бойынша өз-өздерін бағалаттым, сыни ойлауына жол таптым, бағаның шынайы қойылуын бақыладым. Сонымен қатар әр оқушының жаубына формативті бағаладым. Мысалы: «тамаша», «жарайсың». Соның нәтижесінде оқушылардың да көзққарастары өзгерді. Білім алуға құштарлығы артты, өздеріне сенімділікті орнатты.

Негізінде менің мақсатым – курста үйренген әдіс-тәсілдердің көмегімен, білім берудің жаңа үлгісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгергенін бақылау, өзім меңгерген жаңа модульдерді сабақта тиімді пайдалана білу. Күнделікті сабақтарда компьютер, интерактивті тақта қолдану, оқушылармен топтық жұмыс істеу, бір-бірін өздері бағалау. Оқушылардың бойында еркіндік пайда болды. Олар бір-бірінің ойын тыңдай біліп, өз ойларын ортаға салып, кемшіліктерін айта білді.

Сонымен бірге сыныбымның оқушылары сыныптан тыс іс-шараларды өткізгенді ұнатады. Өздері дайындалып, тапсырмалар әзірледі. Бұл жерде сыныптың ынтымақты, бірлікте екенін байқадым. Өйткені сыныптағы талантты балалар тапсырма берсе басқалары үлкен жауапкершілікпен дайындалады. Бірінің айтқанына екіншісі көнеді. Бүгінгі таңда бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тулга екендігіне ерекше мән беруіміз керек.

Қазіргі оқушы:

Дүниетаным қабілеті жоғары;

Дарынды, талантты, өнерпаз;

Іздемпаз, талапты:

Өз алдына мақсат қоя білу керек;

Әр баланың бойында табиғат берер ерекше таланты, дарындылығы болады. «Бұлақ көрсең көзін аш» - дегендей, осындай баланың бойындағы дарындылық қасиетін дамыту көбіне мұғалімдердің кәсіби біліктілігіне байланысты екендігі айдан анық. Жаңа «субъект-субъект» оқыту парадигмасымен жұмыс жасау, әр баланың бойындағы дарындылық қасиеттерін анықтап, дамыту, мектепте өз дәрежесінде жүргізілуі керек .

Өзгерістердің қатарынан тағы да бір байқағаным оқушыларды бағалау кезеңі. Өйткені бұрынғы сабақтарда оқушыларды өзім ғана бағалайтынмын, ал қазір оқушылар осы сабақтар нәтижесінде өздерін өздері, сыныптастарын бағалай алатын болды. Мен алғашқы сабақтан бастап оқушылардың алдына бағалау парағын және бағалау критерийлерін тастайтын болдым. Оқушылар бірден критерийлермен жұмыс жасап, бірінің пікірін бірі тыңдап, бағалауға тырысты. Әрине бірінші сабақтарда оқушылар бір-бірін көтермелеп әділ бағалай алмады. Кейінгі сабақтарда көзқарастары сәл де болса өзгерді. Осындай бағалауда балалар бір-бірінің қандай деңгейде жұмыс істегендерін байқап отырады. Ол оқушылардың сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын және өзіне деген сенімділігін арттыруда пайдасы зор.

Бұрынғы сабақтарда оқушылар қатармен отырып үзілісте ғана бір-бірімен араласатын, ал қазір сабақ барысында да тақырыпқа байланысты пікірталастар құрып, бір-біріне көмек көрсете алады, сырласады, достасады орталарында бірлік болады. Топтасып тапсырма орындауда, шығармашылық жұмыс кезінде оқушылардың бойынан қарым-қатынас, өзіндік жұмыс жасауды жоспарлау, бақылау, бағалау іскерліктері қалыптасты, қарым-қатынасқа түсу дағдысы өрбіді, топта пікірталас жүргізу, өз ойын жазбаша және ауызша білдіру дағдылары қалыптасып, басқа оқушылармен жұмыс жасау дағдылары жетіле түскенінен өзгеріс байқадым. Осы бағдарламамен сабақ берген кезде менің пәніме ең алдымен өздерінің қызығушылықты оятуы, сабақ үстінде тақырыпқа байланысты өз білімін анықтайды, еске түсіреді. Тіпті қағазға жазып, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады. Яғни, тақырыпқа қызығушылық басталып, зерттеу қалыптасады, белсенділігі артады.

Мағынаны тану. Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды.

Ой толғаныс: Оқушылар өз ойлары мен байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта біліп, өзара алмасады. Өзгелердің ой кестесін үйренеді.Үйренгендерін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Бір-бірімен ой алмастырады, ой түйістіреді, әр түрлі шығармашылықпен көріне алады. Өз сабағымда осы бағдарламаның әдіс-тәсілдерін пайдалану арқылы көптеген нәтижелерге қол жеткізіп келемін. Бұрында мен өз сабағымды интерактивті тақтада жасаған сабақтарымды қызықты өткізуге тырысатынмын. Ең әуелі оқушылар ойын шыңдап, кез-келген даму деңгейіне сыни көзбен қарай алады. Өздеріне сенімсіздік білдіріп, бұйығып отыратын оқушылар да өз ойларын аз да болса жүйелеп еркін айтатын болады. Сабақта оқушыларды орталықтарға бөлу кезінде сабаққа деген қызығушылығы артып, бір-бірімен пікір алмасып, еркін сөйлеуге үйренеді және сөздік қорлары молаяды.Мәтінді өткен кезде өз бетінше талдай отырып, оның тақырыбы мен мазмұнын игеруде «Түртіп алу стратегиясы», «Семантикалық карта», «ББҮ» әдістерінің маңызы зор. Ой қорыту жинақтап бір түйінді пікір жасау үшін «Эссе», «Бес жолды өлең» әдістерін пайдалануда оқушылардың қызығушылығы артып, қисынды ойлап, сабаққа деген белсенділігі де артатындығын байқадым. Қазіргі қолданылып жүрген сын тұрғысынан ойлау бағдарламасын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу, оқыту мақсатына жеткізудің бірден-бір жолы. Мақсатқа жету оқушылардың өзі арқылы жүзеге асады.

Біз оқушыларымыздың таланттарын шыңдай түсуін, шығармашылығын көрсете білуін және оны жетілдіре меңгеруін қалаймыз. Осы тұрғыда «сыни тұрғысынан ойлауға үйрету» модулін өз уақытында қолға алынған, бүгінгі күнгі көкейтесті мәселесін шешуге бағытталған бағдарлама деуге әбден болады.

Ойымды қорыта келгенде мен нені, қалай өзгерттім, қалай басқара алдым дегенде, біріншіден өзімнің көзқарасымды өзгерттім, екіншіден сабақ жоспарым мен сабақ өткізудің тәсілін, оқу орнын, төртіншіден оқушылардың сабаққа ынтасын ояттым, өзін- өзі реттеуді, бесіншіден бағалауды өзгерттім және әріптестерімнің қызығушылығын оқуға ынтасын оятқандаймын. .

Өзімді болашақта:  сабақтарымды жоспарлағанда бағдарламадан алған теориалық және практикалық білімді пайдаланып, үздіксіз көтеріп отыру, К.Д.Ушинскийдін сөзімен айтқанда « Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға болып табылатын мұғалімнің қазіргі таңдағы ұстанымы орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген болуы қажет. Алдағы уақытта сындарлы оқытуды мақсат ете отырып, оқушыларға өз бетінше орындай алмайтын тапсырманы орындауға мүмкіндік беремін; оқушыны тапсырманы өз бетінше орындауға мүмкіндік беретін құзыреттілікке жеткізуді мақсат ету; өзін-өзі реттеудін түрлі аспектілерін (өзін-өзі бағалау, өзін-өзі талдау, өзін-өзі түзету, өзін-өзі бақылау, өзіндік рефлексия) сабақта қамтуға тырысамын. Өздігінен реттелу тапсырмаға қызығушылықтың неғұрлым жоғары деңгеіне жеткізуіне жағдай жасаймын: әр жұмыстың критерийлерін айқындап, оқушылардың осы стандарттар мен критерийлерге сәйкестік дәрежесі туралы пайымдауларын қалыптастырамын.






Қорытынды


Осы бағдарламаның негізгі міндеттері - қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу. Сондықтан оқыту мен оқудың қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби мәнмәтінмен өзара байланыста қарастырылады. Мұндай жұмыс мұғалімдер үшін оқыту мен оқудағы стратегия мен тәсілдерді негізінде сабаққа әрбір модульді кіріктіре отырып өткізудің орыны ерекше. Себебі; оқушылардың топтық жұмыс кезінде өз - өзін реттеу байқалды. Сыни тұрғыдан ойлау жиынтықтауға бағытталған қызметті, топтағы көшбасшылық, АКТ-ны пайдалану, дарынды және талантты оқушылармен жұмыс жасау барлығы да осы жеті модульмен сабақ өткізуде қолайлы әдіс-тәсілдің бірі. Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс. Алайда, әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу - ұстаз парызы.

Меңгерген жеті модуль қазіргі заман талабына сай, өзгермелі өмірге бейімделген, жеке тұлғаны тәрбиелеп шығару үшін мен білімімімді жетілдіріп, кәсіби шеберлігімді арттыруым керек. Болашақта курс барысында сабақ жоспарымды толық өзгерту, оқу үшін бағалауды, оқытуды бағалауды терең меңгердім, оқытудың жаңа тәсілдерін үйрене отырып пайдалануды көздеймін. Қазіргі кездегі жүріп жатқан үш айлық курстың бағдарламасы төңірегінде 7 модульді сабақта тиімді пайдаланып , ұтымды сабақ өткізу, шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісіндегі әлемдік бәсекелестіктен қалыспауымызға мүмкіндік бар .

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық модулдерді пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді және оқушылармен қарым- қатынасты нығайту.

Тәжірибеме енген өзгерістерді болашақта әлі де жетілдіре түсіп, өз әріптестеріме де әсер етемін деген сенімім мол.

Менің түсінгенім жіберілген қателіктерді түзетуге ешқашан кеш емес, тек осы мақсатқа жету жолында осы жеті модульді сабақтарымда ықпалдастыра отырып, жүзеге асады деп сенемін.









Пайдаланған әдебиеттер тізімі


  1. Қазақстан Республикасының білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі) деңгей.


  1. Интернет желісі.



  1. http://infourok.ru/



  1. tarbie.kz





































Сабақты құру және жоспарлау кестесі.

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні:

Ахметжанова Ж. С.

Қазақ әдебиеті

9-сынып

Оқушы саны - 11

Ақмола облысы

Бурабай ауданы

Успеноюрьев ОМ



Сабақ №1; кабинет № 3

Сабақ атауы

Ілияс Есенберлин

Сілтеме

Кітап авторлары; 9-сынып оқулығы 151 - 161 бет.

Слайдтар, бейнефильм

Сабақ жоспары

Жалпы мақсаты

Суретке шолу жасай отырып, сұрақ-жауап. І. Есенберлин жайлы толық мағлұмат беру. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін сыни көзбен бағалауға тәрбиелеу.

Міндеттері

  1. Ілияс Есенберлин деген ұғымын сыни тұрғыдан ойлау арқылы түсінік қалыптастыру.

  2. Оқушылардың арасында жақсы сөз – жарым ырыс, адам бойына ұялатын сезімдерін дамытуға ықпал ету.

  3. Оқушыларды Отансүйгіштікке, сыйластыққа, әдептілікке, шыншылдыққа, адалдыққа, төзімділікке тәрбиелеу.

  4. Қазақ әдебиетіне, Қазақстан тарихына, мәдениетіне деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімдерін орнықтыру.

Мұғалім үшін оқу нәтижелері

  1. Оқушылардың бірін-бірі оқытуы аталған тақырыпты меңгеріп шығу.

  2. Мұғалім оқуға бағыттап отыру.

  3. Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау.

Сабақта туындаған негізгі идеялар

  1. Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне сүйену, білетінімен бөлісу, ықпал жасау.

  2. Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарына қалыптастыруға жағдай туғызу.

Күтілетін нәтиже

Жаңа білімді өмірде қолдана білуге, оны өмірмен байланыстыра пайдаланудың мүмкіндіктерін жаңа сабақ арқылы үлкен қызығушылық тудыру.

Қолданатын тәсілдер

СТО стратегиялары

Қажетті құралдар

Оқулық, ватман, маркер, интерактивті тақта, т. б.

Тапсырмалар

Ілияс Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығынан дерек алу, топта талдау, жазушының еңбектерінің идеясын ашып айту, қосымша тапсырмалар орындау, флипчарт сызу, т.б.


Сабақтың жүргізілуі бойынша мұғалімнің жазбалары:


Мұғалім немен айналысады және оқушылар немен айналысады.

Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу – 5 мин.


Тақырыбы: Ілияс Есенберлин


Мұғалімнің іс-әрекеті

Уақыт

Оқушының іс-әрекеті

Қызығушылықты ояту:

Бейнефильм қосамын. І. Есенберлин жайлы дерек көрсетіледі.

Сұрақ – Бейнефильмнен не түсіндіңдер?

2 мин

Оқушылар бейне жазылымды мұқият көреді.


Оқушылардың ойларын тыңдау.

Оқушылармен пікір алмасу.

5 мин

Оқушылар І. Есенберлин туралы өз ойларын айтады.

Жаңа сабақ: І. Есенберлинге тоқталу. Қосымша мәліметтерді әр топқа таратып беру.

Мұғалім флипчарт, маркер таратады.

1 мин

Оқушылар өздеріне берілген мәліметтерді флипчартқа салып, ойларын ортада бөліседі.

Слайд бойынша қысқаша түсінік.

І. Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығын бөліп беру.

Топтарға жұмыс беру:

1-топқа

2-топқа

Жазушының0 өмірі мен шығармашылығы туралы толық тоқталып өту.







5+2 мин

Оқушылар оқулықтарындағы беттерді тауып ашады. Әр топ өздеріне берілген тапсырманы тауып, жеке оқып, жұппен, топпен талқылайды, ойларын ортада айтады. Әр топ берілген тапсырманы орындайды.

Мұғалімнің ұсынысы: қосымша тапсырмаларға жүктеу.

-Балалар, І. Есенберлиннің жазған еңбектеріне теңеу, қайталау, анафораларды тауып жазыңдар.

5 мин

Оқушылар тапсырма жазылған слайдты, тақтаға шығып, толықтырып беруге тырысады.

Қорытынды бөлім:

«І. Есенберлин кім?» деген кестені толтырады.

3 мин

Семантикалық карта толтырады.

Сабақты бекіту мақсатында флипчартта кесте тест орындалады. Тақтада оқушылардың тест жұмысынан алған ұпай саны көрсетіледі.


3 мин

Оқушылар өздерінің тест жұмысынан алған нәтижесін көріп, дәптерлеріне ұпай санын жазып қояды.

Қорытынды: Ілияс Есенберлин туралы бүгінгі сабақта не білдік деген сұраққа жауап алу.

2 мин

Оқушылар өз ойын жинақтап айтып береді.

Бағалау. Мұғалім оқушыларға таратып берген критерий бойынша бағалау парағы арқылы баға қояды.

4 мин

Топтағы көшбасшылары өз тобындағы оқушылардың бүгінгі сабаққа қалай қатысқанын критерий бағалау парақтары бойынша бағалайды, сөйлейді.

Қорытынды сөз.

1 мин


Үйге тапсырма: «Көшпенділер» сурет салу.


15



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Жа?аша о?ыту

Автор: Ахметбекова Бакыт Сериковна

Дата: 16.06.2016

Номер свидетельства: 334830


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства