kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жас ?ланмен жетесі? биіктерге!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жас ?лан ?йымыны? сценарийі. мектеп о?ушыларын Жас ?лан ?атарына ?абылдау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жас ?ланмен жетесі? биіктерге!»

Мектеп Ұлан басшысы: Сатова Дарина. Мектеп сапқа түзу тұр!

І жүргізуші:
Топ басшылары бүгінгі Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынына дайындықтары туралы рапорт тапсыруға дайындал

Рапорт мәтіні:
Ж.О.Ұ.Ұланбасшысы Сатова Д: 2 сыныбының оқушылары « Жас Ұлан» тобы бүгінгі Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынына дайын. Рапорт тапсырушы топ басшысы ________________. Рапорт берілді.
(Осылайша барлық топтар рапорт береді)



ІІ жүргізуші:
Қабылдауға жас ұландар және жас қырандар дайын.

І-жүргізуші:
Армысыздар құрметті мектеп әкімшілігі, ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған, сондай-ақ, жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін
«Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

ІІ-жүргізуші:
Түсініп терең, өмірдің мәнін,
Жалынды жастар, сендерсің сәнім
Беретін бойға күш-қуат,жігер
Шырқалсын шаттық әнұран әнім!

( ҚР Әнұраны ойналсын!Әнұран ойналады)

І - жүргізуші:Елдің болашағын  баянды ететін  жастар. Олай болса балалар мен жас өспірімдердің де  республика  деңгейінде  басын біріктіріп, еліміздің  ертеңі  үшін  ортақ игі  істерді  ұйымдастыруға  уақыт  жетті.

    Елбасымыз  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  тапсырмасымен  Қазақстан  Республикасы  Тәуелсіздігінің  20- жылдығы  қарсаңында  2011  жылғы  6- шілдеде  балалар мен жасөспірімдердің  біріңғай  « Жас  Ұлан »  ұйымы  құрылды.

  Бұл  ұйым  екі  буыннан  тұрады: «Жас  қыран »  ұйымы , бұл  ұйымға  1-4  сынып  аралығында,  және  « Жас  Ұлан » ұйымы  болып. «Жас  Ұлан »  ұйымымына  5-11  сынып  аралығында  оқушылар  мүше  болып  кіреді.



ІІ жүргізуші:

Айта  кетерлігі , ұйымға  тек  білімді , талантты , қоғамдық  жұмыстарға  белсене  қатысатын  оқушылар  ғана  мүше  бола  алады.

Мұндай  оқушылар  біздің  мектебімізде де  жоқ  емес , мектебімізде жақсы  оқитын, талантты , қоғамдық  жұмыстарға  белсене  араласатын  оқушылар  көп.  Солардың  бірнешеуін  бүгін  «Жас Ұлан» ұйымы мен « Жас  қыран » ұйымына  қабылдағалы  отырмыз.

Атап айтатын болсақ:

«Жас қыран» балалар ұйымына: 2 сынып оқушылары Балтабай Дильназ,Балтабай Жасмин, Кәрімжанқызы Махаббат, Жолаушыбай Әйгерім,Абылайхан Әлихан,Сапар Азиза.



9 мамыр күні ауданымызда «Жеңістің 70 жылдығына»арналған салтанатты жиында 5 сынып оқушылары «Жас Ұлан» балалар ұйымына: Қаратай Ұлмекен, Сабыров Бақыткерей,Андрей Зере,Отарова Гүлім сынды мектебіміздің үздік оқушылары кіреді.

Бәріде  оқу озаттары , ғылыми  жобалардың  ізденушілері , қоғамдық  жұмыстарға  белсене  ат  салысатын  оқушылар.

(3-4 сынып оқушылары тақпақтар)

І-жүргізуші:
Қазақстан күннен-күнге өркендеп, гүлденуде. Біз, осындай елде туғанымызға бақыттымыз. Бүгін ұстаздар және оқушылар Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімінде куә болып отыр.

??? ІІ жүргізуші:
«Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің туы енгізілуге дайын.

І-жүргізуші:
Ендеше, бейбітшілік күніне арнайы орайластырылған оқушыларды «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылдау рәсіміне көше отыра, алдымен ұйымның мақсат, міндет, ережелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

ІІ-жүргізуші:
«Жасұлан» ұйымының әрбір мүшесі:

І жүргізуші:
Қоғамдық өмірде, тұрмыста, қазақ ұлттық болмыста, халықтық келбетпен қалыпты сақтай отырып, ата-анасын шынайы сыйлап, олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп, өсиеттерін орындауды перзенттік парыз деп түсінеді. Туған елін шексіз сүйеді.

ІІ жүргізуші:
Қазақстан Республикасының туының түсіндей галстук тағу керек және Республикамыздың мемлекеттік нышандарын құрметтеп, мемлекеттік әнұранды жатқа айту керек.
І жүргізуші:
Шет елдердің мемлекеттік нышандары, адамдардың немесе басқа да суреттер салынған, атаулар жазылған, киімдерді киюмен, заттарды пайдаланумен әуестенбейді.
ІІ жүргізуші:
Өзін тұрмыста, қоғамдық өмірде сыпайы, қарапайым мінезде ұстайды.
І жүргізуші:
Қазақ тілін еркін меңгеріп елдің тарихын, мәдениетін, әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін жақсы білу, дамыта түсу сақтау үшін ынталы еңбектенетін болады.
ІІ жүргізуші:
Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанына адал.
Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанының адал азаматтары.
І жүргізуші:
Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күресуші
ІІ жүргізуші:
Жасұлан ұйымының мүшесі - батырларымыздың атын құрметтеп, оның мәңгі қорғаушысы болуға дайындалады.
І жүргізуші:
Жасұлан ұйымының мүшесі - оқуда, еңбекте және спортта өжет те қайсар.
ІІ жүргізуші:
Жасұлан ұйымының мүшесі - шыншыл, адал жолдас, әрқашан да шыншылдық үшін күресуге дайын болуы керек.
І жүргізуші:
Білімді –көкіректе нұр деп түсін
Жігерлі, жалынды отты жыр деп түсін.
Аталған мақсат, талап, ережені,
Орындауға бәріңде міндеттісің!

ІІ жүргізуші:
Жас Ұлан» ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ал міндеттері - әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру болып табылады.
ӘН:______________________________________________________________

ІІ жүргізуші:
Егеменді еліміздің тірегі
Мектептің болашағы жігері
Достықпен татулық тілегі
«Жас Ұлан» ұйымының біз түлегі
Оқушылар кеңесі оқушыларға галстук тағуға дайындалыңыздар.

«Жас қыран» ұйымына кіретін оқушыларға галстук тағуға мектебіміздің мақтанышытары, қоғамдық жұмыстарда белсене атсалысатын үздік оқушыларымыз:

________________________________________________ Сатова Дарина

______________________________________________________________

________________________________________________ Сәлімхан Ақбота

_________________________________________________________________

___________________________________________ Қалмағанбетов Бекасыл

_______________________________________________Құлымбетова Нуриля

______________________________________________Балғабай Сағидолла

________________________________________________Жалғасбай Қымбат



І жүргізуші:
Құрметті ұстаздар және оқушылар, сіздерді «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төс белгілерін табыстау рәсіміне шақырамыз.
(галстук пен төсбелгі тағу рәсімінде жүргізуші оқушылар туралы айтып тұрады)

ІІ жүргізуші:
Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз.
( «Жас Ұланның» 1 мүшесі ант береді, қалғандары «Ант етеміз, ант етеміз, ант етеміз» деп 3 рет қайталайды)
Анттың мәтіні:

Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:

Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
Ата-анамды қадірлеуге;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылықпен ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.

Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде

АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!

(«Жас Ұланның» әнұраны орындалады және «Жас Ұланның» туы көтеріліп, ортадан сыртқа шығып кетеді)
Қошемет көрсетіледі.


І жүргізуші: Құттықтау сөз кезегі Амантоғай жалпы білім беретін орта мектебінің директоры Бейсенғалиев Ғалымжан Жасталапұлына беріледі.
ІІ жүргізуші: Құрметті, оқушылар «Жас Ұлан» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз.

ҚР ән ұраны шырқалсын.

І жүргізуші:
Ризамын деп осындай жастық шаққа,
Не жетер «Жас Ұлан» деген лайық атқа.
Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,
Ашылып алдымыздан алтын қақпа.

ІІ жүргізуші: Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті, салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.






























































Маржан:Мен  қазақпын, ұланымын  елімнің,

Мен  қазақпын , тірегімін  жерімнің

Ұланымын  туын  көкке  көтерген,

Ертеңімін  Егеменді  елімнің.



Саят:Қазағымның  жерін , елін  қорғайтын.

Жас  жеткіншек  ұланы  бар,  елі  бар.

Міне  осындай  егеменді  еліміз

Кең  жазира  ұлан  батақ  жеріміз,

 Туған  елін  туған  жерін  сүйетін

Біз  қазақтың  ұланымыз, еріміз.



Зарина: Менің елім - Қазақстан Отаным!
Жырлар жазып, өзіңді әнге қосамын.
Мәңгілікке қымбаттысың туған ел.
Атпа берсін, абыройың, атағың


Темирлан:Елімнің атын айтсам - Қазақстан,

Жерімнің атын айтсам – Қазақстан.

Қойнауы қазынаңа толған мекен,

Байлығымның атын айтсам – Қазақстан.

Қазақстан – ұлт атын ұлықты еткен,

Ұлылардың арманын биік еткен.

Өзге де ұлт, ұлысқа қоңыс болып,

Оларға да жақсылық үйіп төккен.



Айдана:Көз тойғысыз қазағымның жері бар
Ну орманы, тауы, өзені көлі бар, 
Қазағымның жерін, елін қорғайтын.
Жас жеткіншек ұланы бар, елі бар.
Міне осындай егеменді еліміз
Кең жазира ұлан байтақ жеріміз, 
Туған елін, туған жерін сүйетін
Біз қазақтың ұланымыз , еріміз.



Еркебулан:Қазағым менің ұлы елім, 
Ғаламның ашқан түнегін. 
Кең байтақ алтын өрісім, 
Өзіңдей асқақ жүрегім! 



Аружан: Қазақстан – менің асыл аймағым,

Қуантады күнге құшақ жайғаның.

Өзің едің көз тоймайтын алтын бақ,

Құлпыра бер, құлпыра бер жарқылдап.

 
Ғизат:Мен сенің бастау бұлағың, 
Өзіңе шашу бұл әнім. 
Сап түзеп шықты нық басып, 
Қырандай берік ұланың. 


Кенже: «Жас ұлан» - қуанышы балалықтың,

Бастауысың қуаныш пен шаттықтың.

«Жас Ұланмен» жетесің биіктерге,

Жемісін де көресің жақсылықтың.


Санжар:Сен маған жұмақ бағысың, 
Бар әлем сені танысын! 
Ант берем мәңгі қорқауға, 
Алаштың арын, намысын! 


Маржан:Жас ұландар, жас қырандар, 
Еркін елдің түлегіміз. 
Көркейе бер, гүл еліміз, 
Сен деп соққан жалындап тұр жүрегіміз, 
Жалындап тұр жүрегіміз.



Мұханбетәлі: Уа, халқым,есептескен текпенен,

Ата салтын ешкім аттап кетпеген.

Жаңғыртып бабалардың өнерін

Ұрпақтарың келешекке беттеген.





Жұмагүлсім: Зеңгір көк түс – бұл Қазақстан байрағы,

Желбірейді көгімде азаттықтың айғағы.

Аспанмен жатыр астасып алтын күні айбарлы,

Бейбіт күннің болашағы,ұланбыз біз жайдарлы.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Жас ?ланмен жетесі? биіктерге!

Автор: Есенаманова Айгуль Жумагалиевна

Дата: 12.05.2016

Номер свидетельства: 325940


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства