Жастарымыз- еліміздің ертеңі. 5-4ке оқыйтын оқушыларымыздың барлығы осы " Жас Ұлан" ұйымының мүшелері. Қарашоқы орта мектебінде осындай ұйымға қабылдаудан бір сипаттама.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Жас Ұлан- ел болашағы»
Жас ұлан- ел болашағы
Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырлығына орай еліміз бойынша ауқымды іс-шаралар өткізіліп жатқаны көңіл қуантарлық. Тәуелсіздіктің әрбір жылдары Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Елін сүйген, елі сүйген Елбасымыздың құрметіне орай 1 желтоқсан- Тұңғыш Президентіміздің күні деп аталып, мереке ретінде тойланып келеді.
Ауылдық округтің әкімі Д.Ақбасова аталмыш мерекені ауыл тұрғындары зиялы қауым өкілдерімен ерекше атап өтті. Мереке мектебіміздің мәжіліс залында мектеп директорымыз К.Букабаевамен ұйымдастырылды. Өйткені, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында жарты ғасырдан астам уақыт жөндеу көрмеген мектеп ғимаратын аудан әкімі Бағдат Байшаұлы кезекті есеп беру жиналысында тілге тиек еткен еді. Сол арманға айналған уәде, биылғы оқу жылы 1 қыркүйек күні жүзеге асырылып, аудан әкіміне деген көптің ризашылығы мен алғысында шек болмады. Қазіргі кезде әрі жарық, әрі жылы заман талабына сай күрделі жөндеуден өткен мектебіміз үшін ата-аналарымыз бен ұстаздар қауымы әсіресе шәкірттеріміздің атынан Елбасымызға, аудан әкіміне алғысымыз шексіз.
Жүргізушілердің әуезді ән ырғағымен басталған жиын ауыл әкімі Дина Ақбасованың баяндамасымен жалғасты. Келесі кезекте Тұңғыш Президент күніне орай, мектебіміздің үздік оқушыларын "!Жас ҰланӘ" қатарына қабылау рәсімі өткізілді. Бұған лайықты он бес үздік оқушы ант қабылдап, еліміздің игілігі үшін оқуларын үздік оқып, ел болашағы жолында аянбай еңбек ететіндерін қуанышты сезімдерін білдірді. Ауыл әкімінің ұйымдастыруымен осы күні "Жас Ұлан" қатарына қабылданған озаттарға естелік Мадақтама қағазы табыс етілді. Сонымен қатар, ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, бүгінде зейнет жасындағы ақ халатты абзал жан, аяулы әже Нұрбала Ағыбасоваға бағалы естелік сыйлық табыс етілді. Сондай-ақ, "Жасыл ел" бағдарламасына зор үлес қосып жүрген Шалшықбаев Сағидолда атамыз ауылдан 1.5 км жерден арық тартып, су жеткізуге аянбай еңбек етті. Сол судың арқасында өзі де үй маңайынан 6 га жерге жеміс ағаштарын егіп, жемісін ел көріп отыр. Алмаларының дәмділігі мен үлкендігі Алматының апортына бергісіз.
Салтанатты жиын өнерпаздар мен балабақша бүлдіршіндерінің әсерлі концертіне ұласты. Бірнеше ұлт өкілдері біздің ауылда тұрады. Олардың барлығының балалары қазақша білім алып, қазақ балаларымен достық қарым-қатынаста өмір сүріп жатыр. "Ел болам десең-бесігіңді түзе" деген қазақта нақыл сөз бар.
Тәуелсіздігіміздің берік болып, Егемендігіміз баянды болу үшін әрқайсымыз қажырлы еңбегіміз бен үлес қоса білейік. Мәңгілік ел-келешек білікті, білімді, салауатты жастарымыздың қолында екеніне кәміл сенеміз. Озат "Жас Ұлан" ұйымының мүшелері молая берсін.