Просмотр содержимого документа
«"Жер - Ананы ?астерлейік" »
Жер - Ананы қастерлейік...
17 ақпан 2014 жылы Астана қаласының көлік және коммуникация колледжінің төбелі төрінде оқытушылар Г.Т.Базилбаеваның және А.Ж.Нұрмағанбетованың ұйымдастыруымен колледждегі әдістемелік күн аясында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан - 2050»
«Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауын уағыздау мен көлік және коммуникация колледжінің 70 жылдығына арналған
«Мәңгілік ел: Ана-Жер-Ана» атты әдеби-сазды кеш болып өтті.
Әдеби кештің мақсаты Қазақстан Республикасы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын уағыздау, түсіндіру, оның пікірлерінің құндылығына, өміршеңдігіне көздерін жеткізу арқылы студенттердің алған білімдерін шыңдай отырып, сын тұрғысынан ойлау арқылы шығармашылық жұмысқа баулу болды.
Әдеби-сазды кештің
«Мәңгілік ел: Ана-Жер-Ана» деп аталуында үлкен мән-мағына жатыр. Оқытушылар қазіргі жастарымыздың мәңгүрттенбеуін, олардың елін, жерін құрмет тұтатын азамат болып өсуін,
туып-өскен, кіндік қаны тамған туған жерін, бал сүтімен қоректендірген анасын ұмытпауы идеясын студенттердің театрландырылған көрінісі арқылы көрермендерге жеткізе білді.
Олар театрландырылған көрініс негізіне Шыңғыс Айтматовтың «Боранды бекет» және «Жер Ана» повестерін арқау етті.
«Жер Ана» повесіндегі үзіндідегі ананың монологында Жер Ананың: «Мына мен – жермін, мен барлық адам баласына бірдеймін, маған таласуларыңның керегі жоқ, маған ынтымақ керек! Еңбек керек! Бір дән тастасаңдар, жүз дән етіп беремін, шырпы тастасаңдар, шынар қылып беремін, бақ отырғызсаңдар мәуелетіп беремін, мал жайсаңдар, шөп болып беремін, там тұрғызсаңдар, дуал боламын, үрім-бұтақтарың көбейсе, бәріңе жай боламын! Мен таусылмаймын, мен қабағымды шытпаймын, мен кеңмін, бәріңе де жетемін», - деп тебіренуі Елбасының Жолдауымен үндестік табады.
«Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел! «Қазақстан 2050» – Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, сүйікті халқым!
Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын! Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын! Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін, Елдігіміз Мәңгілік!»,- деген Елбасы сөздерімен кеш мәресіне жетті. Әдеби-сазды кешінің куәсі болған Астана қаласының Білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскері Исина Нағима Саткенқызы және қала колледждерінің оқытушылары өткізілген іс-шараға жоғары баға берді. Олар кештің бүгінгі күн талабына сәйкестігін, өзектілігін атап өтумен қатар, студенттердің дарындылықтарына, көркем сөзді жеткізе білетіндіктеріне тәнті болды.