| Коучинг жоспары | Күні: 4.11.2015ж |
Коучингтің тақырыбы: | «Жеті модульдің сабақтағы ықпалдастығы» |
Жалпымақсаты: | Оқыту үшін бағалауда, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолын да меңгеру, оқушының танымдық дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойлау қызметін арттыруда жаңа форматтағы 7 модульдерді сабақ үрдісінде қолдану. |
Күтілетін нәтиже: | Оқу үрдісінде жаңа тәсілдерді қолданудың нәтижесінде сабақ беру әдісі өзгереді. Оқушылар үнемі ізденіс үстінде болады. Мұғалімдер оқыту үшін бағалауды жетік меңгереді, ойын еркін жеткізу, ынтымақтастықты дамытады. |
Түйінді идеялар: | 1) Оқушылардың оқуға деген ынтасын, белсенділігін арттыру 2) Жеке, топпен, жұппен жұмыс жасау арқылы «Сын тұрғысынан ойлауын қалыптастыру» |
Оқыту әдістері: | Жаңа әдіс-тәсілдер 1. АКТ 2. Жеке жұмыс СТО 3. Жұптық жұмыс 4. Топтық жұмыс |
Қолданылған әдебиеттер | Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Интернет материалдары. |
Уақыты: | Коучтің әрекеті | Мұғалімдердің әрекеті | Ресурстар |
Психологиялық ахуал құру 3 минут | Мұғалімдерді" Мен қандаймын ?" тренинг арқылы жұмысқа деген ынталарын арттыру, психологиялық ахуал жасау. | Мұғалімдер орындарынан тұрып тақтадан қайталау әрекеттерін жасайды. | Интербелсенді тақта, ән әуені |
Топқа бөлу: 2 мин | Топқа бөлу. Түрлі түсті қағаздарды алып,өздеріне ұнаған нәрселерді жасайды,қағаздың түсіне қарай топтасып отырады.Сол нәрселердің алғашқы буындарынан топтың атын құрайды. Топтың атын қорғайды. | Өздеріне ұнаған түстерді алу, алған түсі бойынша топқа бірігіп отыру. | Түрлі түсті қағаздар. |
Қызығушылықты ояту: | Топта жұмыс істеу ережесімен таныстыру. Шағын топтарда жұмыс істеу артықшылықтарын түсіндіру және негіздеу. Топтық жұмысты ұйымдастыру әдістемесін талқылау | | |
Мағынаны тани білу:5 минут | Тақырыпты ашу ретінде сұрақ қою «Біз топқа қалай топтастық ?» | Сұрақ-жауап әдістеріне жауап беру | Интерактивті тақта |
Тапсырманы орындау: 15 минут | Сұрақ-жауаптан кейін мұғалімдерге" Қазақстан Республикасының педагаг қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы , сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға –мұғалім. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы «конструктивті» теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған. Сындарлы оқытудың мақсаты- оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерлерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.Бұл бағдарлама жеті модульге сараланған."түсінік берілді.Соның ішінде сын тұрғысынан ойлауды басшылыққа алып , топтық жұмыс жүргізілді. Сын тұрғысынан ойлаудың 3 кезеңіне тоқталып түсінік берілді. | Уақытты үнемдеу. Берілген тапсырманы топпен орындау | ҰБТ туралы мәліметтер, қосымша ресурстарды қолдануға болады. |
Кедергілер: 3 минут | Қандай кедергілерге тап болғанын сұрау | Қандай кедергілерге тап болғанын айтып кету | |
Мағынаны тани білу:20 минут | - Сыни тұрғыдан ойлау бұл оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.Балалардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін табуды қажет ететін негізгі ерекшеліктер:ұтқырлық ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылу, сұрақтар қою, дәлелдерді талап ету, белсенді. Сыни тұрғыдан ойлаудың көптеген құралдары бар.«Алты қалпақ», «Миға шабуыл», «Кубизм», «Екі түрлі күнделік», «БҮБ» тб стратегиялық әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асыруға болады. Егер де мұғалім өзі сыни ойлай алса , оның шәкіртіде сыни тұрғыдан ойлай алады. Оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді; - Сапалы білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді. | Берілген тапсырмаларды әдістер арқылы орындайды. | |
Тапсырманы орнындау: 20 минут | Екінші тапсырма мұғалімдердің ойлау қабілетін арттыру, проблемалық тапсырмаларды шеше білуге жетелеу. Әр топқа түстеріне сай постерлерін дайындау. Нақты жауаптарын дайындау. Қорғау | Уақытты үнемдеу. Берілген тапсырманы орындау. Ойларын отртаға салу. Тұжырымдама жасау | Флипчарт, фломастер, А3 форматтары, түрлі түсті бояулар |
Сергіту сәті: 3 минут | Музыка арқылы әр түрлі қимылдар жасап бір сергіту | Мұғадімдер жаттығулар жасайды. | |
Қорғау: 5 минут | Әртүрлі әдістер бойынша жұмыс дайындау | Әр топ орындаған тапсырмаларын қорғайды | |
Бағалау:3 минут | Формативті түрде бағалау | Сарапшылар, қорытынды тұжырымдама жасайды, әр топты бағалайды. | |
Қорытынды: 7 минут | Сабақ соңында әріптестерге Swot- кері байланыс сұрақтарға жауап беру. 1.S-күшті жақтары 2.w- әлсіз жақтары 3.О-мүмкіндіктері 4.t-қауіп қатер | Сұрақтарға жауап береді | |
Рефлексия: 3 минут | Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін кері байланыс парағын тарату | Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу | Стикерлер |