kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ж?зіміз жар?ын болсын , десек...

Нажмите, чтобы узнать подробности

«?айырымдылы? –адам к?ркі, ал білімі-байлы?ы».Адамдарды? е? арда?тысы Пай?амбарымыз М?хаммед салла алла?у алай?и уа саллам ?зі Т??ірден:  «Мені біліммен байытып, ?айырымдылы?пен к?ркейт» деп д??а  тілеген екен. Кіршіксіз рух ?леміні?  айнасы - білім. Білім –?ара??ы т???иы?ты жар?ыратып, бос ке?істікте сайран салатын н?р. Білім -  б?л-?ылым  дариясы, б?л- сабыр дариясы, б?л- а?ыл дариясы. Білім шы?ына к?терілген  ш?кірт ?ана елден ерекшеленеді, сый-??рметке ие болады. Білім да??ы ?лы, к?пті? сарасы, елді? а?асы, дана к??ілді ел т?т?асы. Арман жетегі ?зілмей о?ып білім алу ш?кірт міндеті.Отан?а ?ызмет ету ?шін мы?ты білім керек. Биік сатылар?а к?терілу - а?и?атпен  ?ділдікті д?п басу дарынымен ?ана жетуге болады «??с ?анатымен ?шып ??йры?ымен ?онады», білім шы?ына  шы?атын биіктері?із баянды болсын!. Елбасы Н.Назарбаев ?зіні? мынадай с?зін те?десі жо? гау?ар, келешек жастар естісін, ??ла?тарына ілсін, ?з заманыны? б?кіл болмысын жолын табу мен тану ?шін ?аршадайынан білімді ?анына сі?ірсе, бойына дарытса деген ниетпен айшы?тап жолда?ан еді:  «Білім мен ?ылымды ?з д?режесінде ме?герген елдер ?ана ?лемдік дамуды? алдында, озы? к?шті? б?йда ?стар т?сында болады. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ж?зіміз жар?ын болсын , десек...»

Қызылорда облысы Шиелі ауданы №244 Ы.Жақаев атындағы орта мектебі

Иманбекова Динар Әлиакбарқызы


Жүзіміз жарқын болсын , десек...

«Ұстаз қанша ұлық болса, ол сонша кіші болуға тиіс»,-

деген екен Иса Пайғамбарымыз алейһи с-салам.

«Қайырымдылық –адам көркі, ал білімі-байлығы».Адамдардың ең ардақтысы Пайғамбарымыз Мұхаммед салла аллаһу алайһи уа саллам өзі Тәңірден: «Мені біліммен байытып, қайырымдылықпен көркейт» деп дұға тілеген екен. Кіршіксіз рух әлемінің айнасы - білім. Білім –қараңғы тұңғиықты жарқыратып, бос кеңістікте сайран салатын нұр. Білім - бұл-ғылым дариясы, бұл- сабыр дариясы, бұл- ақыл дариясы. Білім шыңына көтерілген шәкірт ғана елден ерекшеленеді, сый-құрметке ие болады. Білім даңқы ұлы, көптің сарасы, елдің ағасы, дана көңілді ел тұтқасы. Арман жетегі үзілмей оқып білім алу шәкірт міндеті .Отанға қызмет ету үшін мықты білім керек. Биік сатыларға көтерілу - ақиқатпен әділдікті дөп басу дарынымен ғана жетуге болады «Құс қанатымен ұшып құйрығымен қонады», білім шыңына шығатын биіктеріңіз баянды болсын!. Елбасы Н.Назарбаев өзінің мынадай сөзін теңдесі жоқ гауһар, келешек жастар естісін, құлақтарына ілсін, өз заманының бүкіл болмысын жолын табу мен тану үшін қаршадайынан білімді қанына сіңірсе, бойына дарытса деген ниетпен айшықтап жолдаған еді: «Білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында, озық көштің бұйда ұстар тұсында болады. Отанның тағдыры тәуелсіздікте, тәуелсіздіктің тағдыры білімде» деген еді. Ұстаздардың міндеті бүгінгі ұрпаққа тек қана оқу-тоқуды үйрету ғана емес, сонымен қатар, адамгершілікке, имандылыққа, инабаттылыққа бастайтын, тәәлім-тәрбие беру. Ұстаздар, өз тағлымен, танымымен, үлгісімен жасампаз, мәңгілік рухтың ірге тасын қалап, шәкірттерінің болашақ тағдырына, олардың жеке адами құндылықтарының қалыптасуына ықпал етеді. Жас ұрпақ тәрбиесіне, өзіне лайықты үлес қоса білу бүгінгі күннің негізгі талабы. Өнегелі өмірлерінен биік парасаттылығынан, ұлағатты істерімен ғибрат алатын - шәкірт тәрбиелеу. Шындық пен ақиқатқа жүгіну талабын шәкірт бойына қалыптастыру, ұрпақ тәрбиесіне,Тәуелсіз Қазақстанның болашағына қызмет ететін бірден-бір рухани арналары.-бұл ұлт жанды ұстаздар. Шәкірттердің әрқайсысының өзінің орны бар. Жақсы үлгілі, өнегелі, парасат-танымы өз арнасына сыймай, асып-төгіліп жатқан шәкірт тәрбиелесеңіздер, онда оның шығатын биігі бар. Сондай тәрбиеленген түлектеріміздің әрқайсысы бір әлем, үлгі-өнегесі танымдық тағлымы, берер ғибраты өз алдына бір дүние. Ондай шәкіртерден Қазақстан болашағына лайықты үлесін қоса алатын ер азамат шығады. Ұрпақ алдында жүзіміз жарқын болсын, десек осы орайда ұлтжанды ұлы да,әзиз ұстаздардың белсенді еңбектері қажет-ақ. Қоғамның мақсат-мүддесін қорғайтын, елдің елдігін сақтайтын, тәртіпті, өз шеңберінде ұстап тұра алатын шәкірттер тәрбиелеуге атсалыссаңыздар, еңбектеріңіздің далаға кетпегені емес пе?! Мектебіміз-болашаққа бой түзеген білім ордасы ғана емес, жаңалық жаршысы, терең білімді ұрпақ тәрбиелеуде сара жолы бар өзіндік ерекшеліктерімен айқындалатын оқу орны. № 244 мектебіміз бақытын еңбектен тапқан, қаҺарман еңбегімен елінің де, өзінің де даңқын шығарған кеменгер диқан Ыбырай Жахаев есімімен аталған. Мектебімізде моральдық сапасы ұрпақтарға зор істер қалдыратын, көнеден сыр шертетін, дәйекті деректер көзі бар мұражайымыз бар. «Көненің көзіндей болған жәдігерлерді жинақтап жүйелеу оларды келешекке сақтап жеткізу, өзге жұртқа барымызды көрсетіп насихаттау абыройлы міндеттердің бірі», - деген Елбасы Н.Назарбаев. Өткенді өгейсітпеу қазіргінің талабы. Ұлттық рухты үнемі ұлықтап жүретін қазақтың тәлім-тәрбиесінің қайнар көзі де осы мектеп мұражайы ұлттық мінездің негізін ояту тетігі. Мектеп мұражайының тарихында қасиетті қара шаңырақтың қалыптасып, дамуына зор үлес қосып келе жатқан мұражай меңгерушісі Қазына Юсупованың қызметінің алатын орны ерекше. Жақсылардың харекеттері -көпшіліктің қазынасы. Оларды ретіне қарай қауымға жеткізе білу азаматтық парыз. Адами, ұлттық кісілік тарихи заманалық болмыстарға бойлайтын кәусар дариясы Абай рухын, оның ұлылық сөздерін шәкірт бойына, жүрегіне терең ұялатуда, ұлттық рухты үнемі ұлықтап, тәлім-тәрбие көзінің қайнары, осы мектеп мұражай меңгерушісінің танымдық тағлымдық еңбегінің мәні. Шәкірттеріміздің болашақ тағдырына, олардың жеке адами құндылықтарының өалыптасуына сөз құдіретінің ықпалының әсері мол. Әрбір ата баласы сөз құдіретінің қадір-қасиетінің қадірін түсініп өссе,өзін-өзі таламайды. Ырыс, құт, ынтымақ пен берекенің ортаймас шаңырағы кітапхана болса, кітапхана ісін жаңа заманға сәйкес бір жүйеге келтіріп, мектеп кітапханашы, әрі ұстазы, әрі ақылманы Рахима Фазылова апай атқарып келеді. Осы райда тағы да ұлы бабалардың даналығы еске түседі: «Ел тілегі-ері, ер тірегі - елі бола білген қауымның басынан бағы кетер ме?», «Жақсыны ұлықтай білу де, жайсанды қызықтай білу де , ақылдының ісі» деген Әйтеке бибабамыз.

«Ерінбей тас бұлақтың, көзін ашқан

Қанып тұр бүкіл ғалам сол бұлақтан.

Сусыған ғылым іздеп шартараптан,

Бұлақты жаратқанға жалбарынып,

Аршығанға «рахмет» деп шулап жатқан», -

деп Шәкәрім Құдайбердіұлы жырлағандай осы мектебіміздің физика пән мұғалімдері Базаркүл Есаманова және Айжан Құлкееа ұстаздарымыздың ұлықтығы тегін емес. № 244 Ы.Жақаев мектебінің ағылшын пәнінің мұғалімі Төлегенова Зухра да болашағынан зор үміт күттіретін шәкірттер тәрбиелейтін ұстаздардың бірі дей отырып, математика пәні мұғалімі Әшімова Гүлханға да қызметте шығармашылық табыс тілейміз Өмірлік ұстанымдары :«Бұлақ көрсең - көзін аш». Бойларындағы күш-жігерлерін, еңбек жолдарын осы ұстаздық етуге арнауда. Көкте қалықтап бұлт болып дүркірейтін, күн болып күркірейтін, найзағай болып жарқылдайтын түлектерді ұшыруда, аянбай еңбек етуде . Білімді тәрбиелі, көркем мінезді, ішкі-дүниелері, іші-сырты інжу-маржандай, көргенді таңқалдырған ғажап сарай түлектерді қоғамның күміс қақпасының алтын тұтқасы, тектілікті,парасаттылықты бойына жинаған, табысқа жетуге талпынған, өмірлерінің екі тізгіні бір шылбырды тең ұстауға тырысқан, сөздерінен жалын істерінен ұшқын шашылған мектеп түлектері, қазір де табысқа жетуде. «Жүйрік аттың бәйгесі баққанға бұйырады», деген екен тамыры бір түркі халқы. Бұл ұстаздардың белсенді еңбектерінің жемісі..Оларға күш –қуатты берген жеңіс пен табыс. Адал еңбектерінің арқасында, келешек жас ұрпаққа үлгі болып қалатын ұлы ұстаз, еңбегін шәкірт, ұжым бағалаған. «Ақылдыны сыйласаң, одан алғыс аларсың» , деген сөзді, дана халқымыз тегін айтпаған. Игі жақсыларға айтылып жатқан құрмет, сол елдігіміздің белгісі. Олардың ізгі істерінен тәлім алу, келер ұрпаққа септігі тиер . Әрқашан шабыттандырған, шаршаған көңілдеріне жігер берген, қажыған ойына күш қосқан,еңбегінің бір күндік мехнатқа шыдаттырған, ол шәкіртеріне деген сенімі.Ол - сенім шәкірттерінің қиялдарына қанат бергізді.Өмірлерінің мәні мен мұратын, бақыты мен мақсатын шәкірт тәрбиелеуге арнаған, келешек жас ұрпаққа үлгі болған - Ұлы Ұстаздар. «Тектіменен дос болсаң, қадіріңді біледі», дегендей атам қазақ білім отын жарқыратып жаға алған, өнегелі ғибратты істерге атсалысқан, ақ жүректі, ақ тілекті әзиз ұстаздардың самайдағы ақ шашының әр талына қарыздармыз. Сіздердің еңбектеріңізді жұлдыз білер, ай білер, шәкірт білер. Ел игілігі үшін атқарылып жатқан еңбектеріңіз жемісті болсын! Бірлігіміз берік болса болашағымыз баянды болары даусыз. Барлық жолдың түп тарауы мың тарау, барар жері біреу-ақ, ол-Тәуелсіздік жолы. Осы жолда Сіздердің келе жатқандарыңыздың бақыты баянды болсын!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Ж?зіміз жар?ын болсын , десек...

Автор: Иманбекова Динара ?лиакбар?ызы

Дата: 06.01.2016

Номер свидетельства: 272819


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства