Просмотр содержимого документа
««Жырлайды ж?рек» ?деби – сазды кеш»
«Жырлайды жүрек» әдеби – сазды кеш
Зал әсем безендірілген.
Музыка ойнап тұрады.
Кештің мақсаты:
Білімділігі: Қазақтың біртуар ақын- жазушыларының өмірі мен
шығармашылығына тоқтала отырып, өнегелі
өмір жолы мен шығармашылық мұраларының
өміршеңдігін ұғындыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың эстетикалық сезімін
ояту, көркем сөз оқу шеберліктерін
арттыру.
Тәрбиелігі: Туған халқымыздың әдебиетін тереңірек
тануға, оны сүюге, қадірлей білуге
дағыландыру.
Көрнекілігі: Ақын – жазушылардың портреттері, кітаптар мен
баспасөз материалдары бойынша көрме,
жазушы туралы лебіздер мен пікірлер,
интерактивті тақта.
Кеш барысы:
Ж.Молдағалиев «Мен- қазақпын» оқитын Сұлтанов Науша
Қ.Мырзалиев «Домбыра» оқитын Куеакбаева Наина
1-жүргізуші: Армысыздар, жиналған қауым! - Қазақта «Ел ағасыз болмас, тон жағасыз болмас» деген мақал бар, шүкір, қазақ халқында біртуар ақындар мен жазушылар баршылық. 2-жүргізуші: - Киелі поэзия және проза әлемінде өзіндік үн, өзіндік сыр, өзіндік бояу, ажары бар, сырлы да нәзік шығармаларымен оқырман қауымын елең еткізіп, жырларымен жүрек тербеп жүрген есімі республикаға танымал дарынды ақын – жазушыларымыз баршылық. Қазақтың біртуар ақын-жазушыларына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: Кешімізді ашу үшін алғашқы сөзді мектеп директоры Азамат Мұсаұлы Битингалеевке береміз.
2-жүргізуші: Келесі сөзді осы кешті ұйымдастырушы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ақкүміс Мұқташқызы Нурушеваға береміз.
1-жүргізуші: Қандай әсем жасыл әлем қаптаған, Сөз жете ме сымбатыңды қаттасам. Қарағайлы ормандарың бір ғажап, Сендей керім кербез жерді таппағам - деп, ақынымыз әсем қаламызды, табиғатты көркем бейнелеген. 1. «Отан» оқитын мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушісі Нурушев Әли
2.
3.
4.
Абай «Көзімнің қарасы» орындайтындар 5-6 сынып оқушылары
2 - жүргізуші: Адам жылап туады Жатады оны жұбатып, Және жылап өтеді, Өзгені де жылатып. Жылайтыны туа сап, Жамандар бар қинайтын. Жылайтыны өлгенде, Жақсылар бар қимайтын. Осылай деген уа, Қадір аға, неткен ерсің. келесі кезекті Қадыр Мырзалиевтің өлеңдеріне береміз.
Алиева Гүлнұр
Айсиева Самал
Алдаберген Есентемір
Сапарова Жангүл
«Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» орындайтын Абаков Айбек
ІІ – жүргізуші: Қазақ халқының біртуар перзенті, вальс падишасы атанған Шәмші Қалдаяқов өз заманының, яғни социалистік жүйенің елеусіз құрбанына айналған. Дегенімен ұлы дарын өмірден өткенімен көңілден кетпеді. Халқымызды әсем әуенімен әлдилеген ұлын, ата мекені әлдилеп жүр. Оған дәлел бүгінгі мұздаған жүректерді жылытатын Шәмші әуендері болмақ.. 1. Сөзі: Мұхтар Шахановтікі Ән - «Арыс жағасында» Орындайтын Бисенғалиева Айгүл мен Ешкеева Сұлушаш 2. Сөзі: Мұхтар Шахановтікі Ән - «Ақ бантик» Орындайтын Ешкеева Сұлушаш
І – жүргізуші: Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігерленген құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
1. Сисенова Жаннұр « »
2. Умбеталиева Айзада «Василий Теркин»
3. Кунакбаева Наина « Шырағың сөнбесін» монолог
ІІ – жүргізуші: Қазақтың туған бағына Абайдай дана баласы. Ақынның ғашық жырларын Сағынды байтақ даласы
Бекбусинова Гүлдана
Нұрқанова Алтын
ІІ – жүргізуші: Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді үйсең менше сүй.
Абайдың әні «Желсіз түнде жарық ай» орындайтын Гүлнұр Аманбайқызы
І – жүргізуші:»»Елдікті жыр ғып қолдайтын, Ұрпаққа жырын жалғайтын. Ел үшін әні самғайтын Жасай бер мәңгі санамда
Оқушылардың өз шығармалығынан
Сұлтанова Аружан
Исмагулова Альбина
Сисенова Жаннұр
ШәкәрімҚұдайбердиевтің әні «»Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» орындайтын Ақкүміс Мұқташқызы Нурушева
ІІ– жүргізуші:»»Батыр болған бабалары, Ел бастаған даналары. Байтақ жерге жау тигізбес Батырлары, қазақтың батырлары! 1. Исмағұл Дәулетияр
2.Менеш Мақсат
3.Дженисов Айбар
Ризамын, туған елiм, көктемiңе, Қиялмен қол созамын көкте күнге Жайқалам гүлiң болып қырларыңда Жүземiн аққуың боп көк көлiңде
Ғ.Мүсірепов «Көздің әңгімесі» үзінді монолог
Қазақстан - мерейім, Сені төрден көрейін Жеңісіңе желпініп Жемісіңді терейін
«Дүние – үлкен көл, заман – соққан жел, алдыңғы толқын – ағалар, кейінгі толқын – інілер....» «Үш - ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек,» - деген де Абай емес пе еді... Бізге бақытты, бейбіт өмірімізді жасап берген Ұлы тұлғалар есімін мақтанышпен айтамыз.
Осымен «Жырлайды жүрек» атты әдеби –сазды кешіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Ащысай орта жалпы білім беретін мектеп- балабақшасы