Просмотр содержимого документа
«Конспект урока по казахскому языку на тему " Мені? с?йікті асым" »
Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті асым 8-с
Сабақтың мақсаты: білімділік-Оқушылардың сөздік қорын молайту, өткен шақ, ауыспалы есімшенің жасалуын практикалық жолмен бекіту; менің сүікті асым туралы білімдерін жинақтау, топтау, қорыту;
дамытушылық- Оқушылардың іздену дағдысына сүйене отырып, олардың ойлау, түсініп оқу, есте сақтау, ауызекі сөйлеу, сауатты жазу қабілеттерін дамыту.
тәрбиелік Қазақ ұлттының тұрмыстық мәдениетінің ізгілікті рухын сезіндіру.
Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа деген дайындығын тексеру. тренинг
-Балалар, біздің әр күніміз, әр сабағымыз-қуаныш. Әр қуанышқа кеңпейіл халқымыз шашу шашқан. Шашу-тілек, береке. Бір-бірімізге бақыт, қуаныш тілеп біз де шашу шашайық (шашу деп «кәмпит» шашылады, әрбір кәмпитте сұрақтар бар, сол сұрақтарға жауап беру керек) .
Білуіміз керек:Менің сүйікті асым тақырыбы бойынша әңгіме құрастыру, сұхбаттасу; қазақша сауатты жазу, сұрақтарды дұрыс қою; Меңгеруіміз керек:мазмұндау, өз ойларын жеткізе білу, қойылған сұрақтарға толық жауап беру, сөйлемдерді дұрыс құрастыру, сөйлем мүшелерін ажырата білу.