Саба?ты? ма?саты: 1. ?аза?стан туралы ал?ан білімдерін жина?тау, бекіту.
2. О?ушыларды? с?здік ?орын молайту, тілдерін дамыту.
3. Отанды, ту?ан жерді ??рметтей, с?йе білуге т?рбиелеу.
Просмотр содержимого документа
«Разработка открытого урока "Мені? Отаным – ?аза?стан"»
Аудандық ЖММ өткізілген ашық сабақ әзірлемесі
Кәрібаева Г.С.
Жітіқара қаласы
№10 орта мектебі
2008-2009 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным – Қазақстан.
Сабақтың мақсаты: 1. Қазақстан туралы алған білімдерін жинақтау, бекіту.
2. Оқушылардың сөздік қорын молайту, тілдерін дамыту.
3. Отанды, туған жерді құрметтей, сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, Қазақстан, Астана туралы суреттер, т.б.
Сабақтың типі: білімді жүйелеу және бекіту сабағы.
Сабақтың түрі: қорытындылау сабағы.
Сабақтың әдісі: көрнекілік, сұрақ-жауап, интерактивті, практикалық, мақтау-мадақтау, т.б.
Сабақтың формасы: жеке, жұппен, топпен жұмыс.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
а/ оқушылармен амандасу;
ә/ сабақтың мақсат, міндеттерімен таныстыру:
Білуіміз керек:
1. Қазақстан туралы:
* жері;
* облыстарының құрылу тарихы;
* кен байлықтары;
* мемлекеттік мерекелері;
* мемлекеттік нышандары;
* астанасы.
2. Сан есім туралы:
* ережесі;
* сұрақтары;
* құрамына қарай бөлінуі;
* тұлғасына қарай бөлінуі;
* мағыналық түрлері.
Іске асыруымыз керек:
Қазақстан Республикасына шолу жасау.
Сан есім туралы қайталау.
Тапсырмалар орындау.
Тест жұмысын жасау.
Сабақта:
Қазақстан Республикасына шолу жасау: /слайдтар арқылы/
Қазақстан жері /1 оқушы Қазақстан жері туралы айтады/.
Қазақстан облыстарының құрылу тарыхы /1 оқушы айтады/.
Қазақстанның кен байлықтары /1 оқушы айтады/.
Қазақстанның мемлекеттік мерекелері /оқушылар айтады/.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары:
Астана қаласы /слайдтар арқылы Астана қаласы туралы көрсетіледі, бір оқушы Астана қаласы туралы тақпақ айтады/.
Астана
Сарыарқаның төсінде,
Төне түсіп Есілге:
Бой көтеріп Астана
Ілесті өмір көшіне.
Тауып тыңнан текті жол,
Сағат сайын өсті ол:
Әлемді жалт қаратып,
Шуақ нұрын төкті мол...
Ел тілегі бұрынғы,
Астана боп тірілді:
Көне Отырар, Сауранның
Көзіндей ол бүгінгі...
Тасқа қашап текті өлең,
Арпалысқан өртпенен:
Күлтегіннің астана-
Ақ арманы көксеген.
Еркін елдің қызыры,
Қызығы да: қыз, ұлы!
Гүл жайнаған Астана-
Тәуелсіздік тұғыры!
Тұғырлы ел – ғұмырлы!
Қазақстан Республикасының президенті.
/Оқушылардан көрсетілген слайдтар бойынша сұрау, бекіту/.
Сан есім туралы қайталау /кесте арқылы/
Жаттығу жұмыстары:
Қазақстан туралы мәтінмен жұмыс:
І топ – мәтін бойынша диалог құрастыру;
ІІ топ – мәтіндегі сан есімдерді сөзбен жазу;
ІІІ топ – мәтін бойынша класстер құрастыру.
Бекіту: өткен тақырыптар бойынша тест жұмысын орындау.
Үйге тапсырма: Қазақстан, туған жер туралы бір тақпақ жаттау, сан есімнің ережесін қайталау.
Бағалау.
Өзіңдікі – Туың да,
От пен ауа, суың да.
Жаса, Қазақстаным
Белді бекем буын да! – деген өлең жолдарымен сабақты аяқтау.
Отан – тарих, Отан – тіл,
Жасаған елің, өз халқың.
Отан - өлең, Отан – жыр
Көтерген көкке ел даңқын.
Өзіңдікі – Туың да,
От пен ауа, суың да.
Жаса, Қазақстаным
Белді бекем буын да!