Просмотр содержимого документа
«Махамбет Өтемісұлы«Соғыс» өлеңі»
Желтоқсанның он төрті
Тақырыбы :Махамбет Өтемісұлы«Соғыс» өлеңі
2)Дамытушылық мақсаты: Балаларға ізденімпаздық қасиеттерді қалыптастыру, өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту.
3)Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың өз еліне, туған жеріне деген патриоттық сезімін ояту, ерлікке әділдікке , табандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың мақсаты: 1)Білімділігі: Оқушыларға М.Өтемісовтың өмірі мен өлеңдерінен мәлімет беру, тарихи деректерге назар аудару, өлеңнің шығу тарихын түсіндіре отырып, Исатай бейнесін ашу, Махамбеттің әрі ақын, әрі көтеріліс басшыларының бірі екенін дәлелдеу.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, жаңа сабаққа назарларын аудару. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: 1)А.Байтұрсынұлы кім? 2)Аллегория дегеніміз не? 3)Мысалдарына байланысты мақал-мәтелдер. 4)«Өгіз бен бақа» – «Әлін білмеген әлек», «Егіннің бастары» – «Тәкаппарлық – жаман қасиет»
ІІІ Жаңа сабақ Махамбет Өтемісұлы «Соғыс»
«Соғыс» сөзінің мағынасын ашу, антонимін табу, «Соғыс» өлеңін мәнерлеп оқу
Өлеңді құрылысына талдау Құдайлады хан ұлы 7 б а Іздеген жауы біз болып 8 б б Жау қарасы көрінді 7 б в Жиылған әскер білінді 8 б в Исатайдың сол күнде 7 б д Ақтабан аты астында 8 б ж Дулығасы басында 7 б з Өлең 7-8 буынды, екі бунақты, аралас ұйқасқа құралған
Сөздік жұмыс
Берілген сөздердің мағынасын қалай түсінесіңдер?
І топ Зығырданы қайнау
ІІ топ Түнімен түйіну, таң атқанша тарану
ІІІ топ Қабырғасын қақыратқан, тебінгісін тесе атқан, тізгінінен кесе атқан
ІV топ Он екі тұтам жай тартқан
«5 жолды өлең» 1.Зат есімді, сын есімді, етістікті, пысықтауышты табу
Зат есім – ақын
Сын есім – қайсар, батыр
Етістік – сүйді, соғысты, күй шығарды, өлең жазды
Пысықтауыш – Нарында шайқасты
V Түйін: Ол Отанын сүйген жауынгер батыр ақын. VI Жаңа сабақты сұрақ-жауап арқылы қорытындылау Исатай кім? Махамбет туралы не білесің? Махамбеттің арманы не? Жүрегін ояту деген сөзді қалай түсінесіңдер?