Просмотр содержимого документа
««?аза? тілі саба?ында ».»
Тақырып: Қазақ тілі сабағында 5 сынып
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
Білімділік: оқушылардың өтілген тілдік материалдарды қаншалықты меңгергендігін білу мақсатында түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізу.
Дамытушылық: оқушыларға бағыт бере отырып топпен жұмыс істеуге дағдыландыру, мәнерлеп, түсініп оқу дағдысын, мәтін мазмұнын әңгімелей білуге жетелеу. Тіл дамыту, ойлай, сөйлей білу, сөздік қорын молайту
Тәрбиелік: оқушыларды білімділікке, ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу. мемлекеттік тілге деген қызығушылықты арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі:ой қозғау, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ізденіс, топпен жұмыс, жеке жұмыс.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: интерактивтік тақта, оқулық, кестелер, суреттер,
Күтілетін нәтиже:
а) Оқушылар білуі тиіс: сөз, сөздердің жазылу емлесін, сөздерді қатесіз жаза білу.
ә) Оқушылар игеруі тиіс: берілген сөздерді түсініп, сөйлемдерді дұрыс құрай білу.
б) Оқушылар меңгеруі тиіс: жаңа сөз жасайтын қосымшалар мен сөздерді бір-бірімен байланыстыратын қосымшаларды бір-бірінен ажыратуды. жаңа сөздерді қолдана отырып, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрау білу. Сабақтың барысы.
І. Ұйымдасыру кезеңі:
ә) оқушылармен амандасу, түгелдеу:
ә) кезекшімен тіл дамыту жұмысы.
в) сабаққа психологиялық назарын аудару. Балалар, бір-біріңе жұмыс алдында не тілейсіңдер? ( топтар бір-біріне іске сәттілік, жетістікке жетейік деген тілектер айтады)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
а) жатқа берілген тақпақ, мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды сұрау.
ә) жазба жұмыстарын пысықтау.
ІІ. Жаңа сабақ.
1. Сабақ тақырыбын хабарлау, мақсатымен таныстыру.
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қазақ тілі сабағында ».
Баршамыз да білеміз. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Мемлекеттік тіл – тек қатынас құралы ғана емес, бір ұлт пен екінші ұлтты жақындастыратын құрал. Сондықтан қазақ тілді терең біліп, дамытуға тырысамыз.
Әр топ жетекшілері алдарындағы бағалау парағына топ мүшелерінің жауаптарын бағалап отырады.
Сабақтың басында сөздікпен жұмыс істейік. Сөздіктерді жазып, сөз тіркестерін, сөйлемдерді құрату.
1. Мұғалім сөйлемдерді айтады, оқушылар қайталайды.
2. Оқушылар тізбектеп айтып шығады.
3. Оқушылар сөз тіркесін, сөйлем құрайды
Оқып,жаттығыңдар.
Үйірмеге қатысу керек.
Жиі-жиі қазақша сөйлеу керек.
Қазақ тілін біліу үшін не істеу керек?
Қазақша газет-журнал оқу керек.
Радио тыңдау керек.
Cабаққа дайындалу керек.
Теледидардан қазақша бағдарламаны көру керек.
2. Мәтінді оқы. Орыс тіліне аударыңдар.
Біздің мектепте қазақ тілі сабағы аптасына төрт рет болады. Біз бұл пәнді жақсы көреміз. Қазақ тілінде сөйлеп үйренгіміз келеді. Өйткені, қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Біздің мұғалім білімді. Сабақта интерактивті ( белсенді) тақта мен компьютерді жиі қолданады. Интерактивті ( белсенді) тақтамен сабақ қызықты өтеді. Әр сабақта көп мәліметтермен танысып, кейде ойын арқылы да қазақ тілін меңгереміз.
3. Дәптермен жұмыс. Мәтін бойынша сұрақ құрастыру.
Үлгі: Сенің мектебіңде қазақ тілі сабағы аптасына неше рет өткізіледі?
4. Жұбын тап ойыны(кеспелерден сөз тіркесін құрау).
қазақ тілі
мәтінді
жасаймыз
шешеміз
оқимыз
талдау
мақал-мәтелдерді
мәтін
өлең
жұмбақтар
сабағында
аударамыз
жаттаймыз
сөйлейміз
түсіндіреміз
қазақша
5 . Сурет бойынша қысқаша мәтін құрастыру.
Үлгі: Мынау біздің сынып. Мынау – Влад. Ол бірінші партада, Анямен отыр. Қазір қазақ тілі сабағы. Қазақ тілі сабағында біз мәтін оқимыз, әңгіме айтамыз, жаттығуларды жазамыз. Қазақ тілі сабағы маған өте ұнайды.
6. 1. Келесі сөздермен сөйлем құрастыр.
Отыр, сыныпта, оқушылар.
Сурет, салды, оқушылар.
Жазамын, мен, дәптерге, жаттығу.
Сен, бар, кітапханаға.
2. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді койып жаз. Қазақ т.лі сабағ. басталды. О.ушылар қаза.ша кітап о.ыды, тақта. а жазды, қаза.ша с.йледі.Саба. қызы.ты ө.ті.