Просмотр содержимого документа
«Менің кішкентай досым»
Үй тапсырмасын тексеру:
«Латын әліпбиі»әдісі
«Латын әліпбиі»
А [А]
А`[Ә]
G [Г]
K [К]
В [Б]
G`[Ғ]
D [Д]
H[Х], [Һ]
O`[Ө]
L [Л]
Cһ[Ч]
M [М]
P [П]
I [І]
E [Е]
Q [Қ]
N [Н]
I`[И],[Й]
Y`[У]
T [Т]
F [Ф]
U [Ұ]
N`[Ң]
Z [З]
R [Р]
J [Ж]
S [С]
U`[Ү]
O [О]
V [В]
SҺ[ш]
Y [Ы]
А [А]
D [Д]
E [Е]
K[К]
O[О]
P [П]
T [Т]
Қызығушылықты ояту:
Қыста құсқа жақсылық жасасаң,
Жазда жақсылығын өтеп береді.
Мақалдың мағынасын ашыңдар.
Qarashanyń jıyrma segizi
Meniñ kishkentaı dosym
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары:
7ӘТН4.1. Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік түрлерін тілдесім барысында қолдану.
7.04. Идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсаты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау.
1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс.
1- топ:Мәтіннен негізгі ойды анықтайтын үш сөйлемді тауып жаз.
2-топ:Жануарлар мен адам арасындағы достық туралы өз ойларынды айтыңдар.
3-топ:Жануарлар мен адамдар арасындағы достық туралы ертегілерді топтастырыңдар.
Мәтінді оқыңдар.«Кезекпе-кезек» әдісі
Көлеңкеде қаннен-қаперсіз ұйықтап жатқан жеті-сегіз жасар балаға қарай айыр тілін сумаңдатып улы жылан жақындап келеді. Күтпеген жерден қайдан шыға келгені белгісіз бір құс бала мен жыланның арасына түсіп, кес-кестей берді. Жылан да атылуға
айналғандай, шиыршық атып, айбат шегіп ысқырып жіберді. Құс аяғын санап басып жақындай түсті. Бала жайына қалды. Екі түз тағысының адам үшін шайқасы басталып кетті. Жылан шабуылды үдете түсті. Бірақ құс тез жалтарып, оның улы тісін бойына
дарытатын емес. Міне, жылан тағы да шап берді. Құс құйрығымен жер тіреп жалтара берді де, жылан басын қайтып тартып аламын дегенше өткір тұмсығымен оны төбесінен шоқып-шоқып алды. Жылан жансауғалап жиырыла кейін шегінді. Бірақ ашулы құс шаңқылдап үсті-үстіне шоқи берді, шоқи берді. Бала оянып кетті. Ол қимылсыз бауыры жалтыраған жыланды, оның жанында ауыр дем алып жатқан өзі нан қиқымын беріп жүрген құсты көріп таңғалды. Мұның екеуін бірдей кімнің өлтіріп кеткенін білмей, аңырап жан-жағына қарап біраз ойланды. Сәлден соң жүрегі әлсіз ғана соғып жатқан мына кішкене досының өзі үшін мерт болғанын бала түсіне қойды.
-с тұлғасы жіктелгенде, кейде (көбіне поэзияда) I жақта -с есімше жұрнағы мен
жіктік жалғауы (-пын, -пін ) тұтасып, қысқарып кетіп -н түрінде ғана қолданылады:
айтпа-с-пын — айтпа-н, келме-с-пін — келме-н т.б. Мысалы: Бай емен, батыр
емен, хан емеспін .
2-тапсырма.Сөйлемдерден есімшелерді тауып, олардың түрлену ерекшеліктерін түсіндіріңдер.
1. Баланың безектеп жылай беретіні, Ақботаның түні бойы ұйқы көрмейтіні, өз қолымнан түк келмейтіні мені үйге сыйғызбады. 2. Өз ішінде жүрген, әлі әкесіне де ашпаған бір ойлары болушы еді. 3. Айтқандарының растығын бекітіп, барлық обоздағы еркек-әйелдер қолдарын қояды. 4. Өздері неге жатқанын сұраған Баймағамбетке олар қазір-ақ осы шай іше сала жүретіндерін айтты.
Дескрпитор:
- Сөйлемдерден есімшелерді табады;
-Түрлену ерекшеліктерін түсіндіреді.
3-тапсырма.Кім көп табады?!
Төмендегі үлгі бойынша сөз тіркесін құраңдар.
есімше тұлғалы етістік
зат есім
жылан
бала
құс
ҚБ:«Қылқалам» әдісі
Өте жақсы
Нашар
Жақсы
4-тапсырма.«Бэкроним» әдісі
Достық сөзінің әр әріптері бойынша мағыналы сипаттама жазыңдар. Ол сөйлеммен немесе анықтамамен болуы мүмкін. Сөздер бастапқы әріптен басталуы шарт.
Д –
О –
С –
Т –
Ы –
Қ -
Д – дүниедегі
О – озық ойлы
С – сабырлы
Т – тұрақты
Ы - ыстық
Қ - қарым-қатынас
Бағалау
«Құнды пікір»әдісі бойынша бір-бірін бүгінгі сабаққа қатысуына қарап бағалайды.
Үйге тапсырма: 2-тапсырма. Сөйлемдерден есімше жұрнақтарын тауып, талдаңдар.
1. Базаралы науқасынан оңалып, қайтадан
азамат қалпына келгенде, қараша үйлердің үлкен-кішісі түгел қуанды ( М.Ә. ).
2. Аспанды ызғырық суық сұр бұлт қаптаған ( Б.М. ). 3. Игілік жігіттерді бөгей тұрмақ еді, бірақ оның реті болмай қалды ( Ғ.Мүс. ).
4. Болыс ағасы тұрғанда, етек-жеңін кең ұстайтын ( Ә.Нұрп. ). 5. Қасымның ырысы болған “Қос шалқардың” қойнау-қуысын
қалдырмастан араладық ( Ғ.Мүс. ). 6.Мұстафаның ойы бір биені өзі алып, бір биені Мұқанға бермек екен ( С.М. ). 7. Бұл шырақ өшпес түгіл лаулап жанар ( С.Дөн. ).
Дескриптор:
- Сөйлемдерден есімше жұрнақтарын тауып, талдайды.