Сабақ кезеңдері | Мұғалімнің әрекеті, әдіс -тәсілдер | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Ұйымдастыру /4 мин/ Үй тапсырмасын сұрау | ББЖӘТ: «Тілек» тренингі Бағалау өлшемдері таратылады | Оқушылар сабақ алдында бір-біріне бір сөзбен жылы лебіздерін білдіреді | | Бағалау өлшемдері |
Үйге берілген тапсырманы тексеру. | Үйге берілген тапсырма 3 оқушыға оқыту, өзге оқушылардың тақырып бойынша сұрақ дайындауы арқылы тексеріледі. | Критерий бойынша | |
Білу және түсіну /8мин/ | ББЖӘТ: зерттеушілік әңгіме СТОҮ: Топтастыру | Тіл көрнектілігі дегенді қалай түсінетіндерін топтастырады | Мадақтау арқылы формативті бағалау | |
ББЖӘТ: топтық жұмыс. Оқушыларды 4 топқа топтастырады. Әр топқа жеке тапсырма береді. АКТ. Смартфон арқылы ғаламтордан материал іздеу | 1-топ –А.Байтұрсынұлының тіл көрнектілігі туралы тұжырымы, троп ұғымы туралы түсінік 2-топ –метафора, кейіптеу 3-топ –синекдоха, эпитет 4-топ –теңеу, ұйқас Өздеріне берілген тапсырманы түсіну , түсіндіру үшін оқулықтағы мәлімет пен ғаламтордан мәліметтер алып қолданады. | Бас бармақ арқылы формативті бағалау | А3 формат Смартфон |
Қолдану, талдау /25мин/ | 59-жаттығу. Теңеулерді тауып, жасалу жолын анықтап жазуды тапсырады Тақтада 60-жаттығу орындалады ББЖӘТ: топтық жұмыс 61-жаттығуды топпен орындайды | 59-жаттығуды орындайды 60-жаттығуды 4 оқушы орындайды. Метафораларды табады, теріп жазады Топта толғаудан троптарды табады, сол троптың анықтамасын айтады, қосымша мысалдармен дәлелдейді. 1-топ –толғаудағы метафораны табады 2-топ –теңеуді табады 3-топ –эпитетті табаы | Критерий бойынша бағалау | Оқулық |
Жинақтау, Бағалау /6 мин/ | СТОҮ: «Егер, онда, өйткені» СТОҮ: Эссе «Әсерлі, ажарлы сөйлеу үшін мен не істей аламын?» СТОҮ: «Қабырғаға қарап оқу» | Егер, онда, өйткені деген ұғымдарды толықтыра отырып троптардың не үшін керектігі туралы ой тұжырымдайды. Оқушылар ой қорытады, жинақтайды, өзінің әсерлі сөйлеуі үшін не істей алатыны туралы ой толғайды. Эсселерін жұпта шеңберге тұрып, бір-біріне қарап оқиды. | Критерий бойынша бағалау Бас бармақ арқылы бағалау | |
Бағалау /1мин/ | Мұғалімнің критерий бойынша жиынтық бағалауы | | | Бағалау критерийлері |
Үй тапсырмасы /1мин/ | ДБЖ: деңгейлік тапсырмалар | А,В –62-жаттығу В,С –Троптың әр түріне көркем шығармадан 2 мысалдан жазу, синтаксистік талдау жасау | | |
Критерий | Дескриптор | Ұпай |
Үй тапсырмасына дайындығы | Үй тапсырмасына толықтай дайын, сауатты орындаған Үй тапсырмасына дайын, аздаған қателер кездеседі Үй тапсырмасына дайын емес | 2 1 0 |
Жаңа тақырыпты өздігінен меңгере білуі | Жаңа тақырыпты өз бетімен оқып түсінеді, өзгелерге түсінуге көмектеседі, дәлелдейді Жаңа тақырыпты өз бетімен оқып түсінуге қиналады, өзгелердің көмегін қажет етеді, дәлелдейді Жаңа тақырыпты өз бетімен де, достарының көмегімен де түсінуге қиналады, тек мұғалімнің көмегін қажет етеді | 3 2 1 |
59,60-жаттығулар | Тапсырманы орындауда троп түрлерін дәлелді , дұрыс ажыратады Тапсырманы орындауда троп түрлерін тануда, түсіндіруде қиналады немесе көмекті қажет етеді Тапсырманы қате орындайды | 3 2 1 |
61-жаттығу | Топта белсенділігі жоғары , троп түрлерін толғаудан сауатты табады, дәлелдей алады, мысалдар келтіреді Топта белсенді, троп түрлерін толғаудан сауатты табады, дәлелдей алады, бірақ мысалдар келтіруде қиналады Топта белсенділігі орташа, өзгелердің көмегімен ғана троптарды таба алады, мысал келтірмейді | 3 2 1 |
Эсседе ой қорытуы | Эсседе өз ойын нақты, айшықты, сыни тұрғыда ойланып өмірмен байланыстыра ой қорыта алады Эсседе ойы жинақы, айшықты , бірақта өмірмен байланыстырылмайды Эсседе ойы жалаң, өмірмен байланыс жоқ, сөйлемдер құр сипаттауға құрылған | 3 2 1 |