Просмотр содержимого документа
«Сценарий " Жаңа жыл-жаңа бақыт"»
Мақала атауы:«Достығы жарасқан халықпыз»
Ел болып, өзге елдерден артта қалмай, егемендігімізді алғанымызға, мінеки, көзді ашып жұмғанша 25 жылдай уақыт өтті. Халқымыз ежелден-ақ достықпенен, бауырмалдығы мен қонақжайлығымен ерекшеленеді емес пе? Қара-Оба ауылының тұрғындары да одан кем емес. Желтоқсан айының он бесінші жұлдызында мектеп оқушылары мен мұғалімдер жұмылып, көрші ауылға, яғни Крыловка жеріне «Тәуелсіздікке тағзым» атты концерттік бағдарламаны тарту етті. Туған жеріне деген махаббат, патриоттық сезім әр оқушының жарқыраған жүздерінен байқалған еді. Көрші ел болса бізді құшақ жая қарсы алып, өнер көрсетіп жатқан жастарға дем беріп, кошемет білдірді. Әсіресе, мың бұралған биші аруларымыз бен Альтаир Сибанбаев, Мадина Бешимова сынды мектебіміздің әнші-бұлбұлдары барша қауымды керемет дауыспенен марқайтты. Тәуелсіздіктің елеулі мерейтойына орай, Бекет ордасында «25 жұлдызды күн» атты шара осындай игі іспен өз мәресіне жетті. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманымызда Қазақ елі биік шыңдардан асып, ұлы дала балалары көбейе берсін!