kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Бала тәрбиесіндегі балабақшаның рөлі»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақ халқы қай уақытта бол­ма­сын, ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген. Сондықтан тәрбие мәселесіне көңіл бөліп, оған тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, қарастыру әрбір ұжымның тапқырлығы мен іскерлігін, ізденімпаздығы мен шығармашылығын та­лап етеді. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі ке­рек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жа­уы, тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі» де­ген ғұлама ғалым Әбу На­сыр Әл-Фа­ра­би ой­ын әр бір ұстаз, әрбір ата-ана өздеріне қағида ретінде ұстанса нұр үстіне нұр бо­лар еді. Оқу мен тәрбие — бір-бірінен бөлек алы­нып қаралмайтын күрделі про­цесс. Жаңа заманның жаңашыл ұстазы осы екі үрдісті бірдей теңестіріп алып жүру оның шеберлігі мен іскерлігін көрсетеді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Бала тәрбиесіндегі балабақшаның рөлі»»

Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы,

Аса ауылы №1 орта мектебінің жанынынан ашылған

«Балдырған» шағын орталық


«Бала тәрбиесіндегі балабақшаның рөлі»

Қазақ халқы қай уақытта бол­ма­сын, ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген. Сондықтан тәрбие мәселесіне көңіл бөліп, оған тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, қарастыру әрбір ұжымның тапқырлығы мен іскерлігін, ізденімпаздығы мен шығармашылығын та­лап етеді. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі ке­рек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жа­уы, тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі» де­ген ғұлама ғалым Әбу На­сыр Әл-Фа­ра­би ой­ын әр бір ұстаз, әрбір ата-ана өздеріне қағида ретінде ұстанса нұр үстіне нұр бо­лар еді. Оқу мен тәрбие — бір-бірінен бөлек алы­нып қаралмайтын күрделі про­цесс. Жаңа заманның жаңашыл ұстазы осы екі үрдісті бірдей теңестіріп алып жүру оның шеберлігі мен іскерлігін көрсетеді.

Мағжан Жұмабаев өзінің ұлағатты бір сөзінде бы­лай де­ген бо­ла­тын: «Ба­ла­ны тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығармай, ке­ле­шек за­ма­ны­на лайық қылып шығару ке­рек». Иә, Мағжаната­ла­рыайтқанданалықойыбүгінгікүнібілімдіұрпақке­рекекенін айқындайды. Өйткеніелдіңертеңгітірегі – жас­тар. Оларза­манта­ла­бы­насайтәрбиеленуітиіс. Қазіргі таңда ұстаздарқауымынаүлкенжауапкершілікар­тыпотыр. Ба­ла тәрбиесі – баршаныңісі. Отбасының да, балабақшаның да, мектептің де мақсат-мүддесі біреу ол – за­манн та­ла­бы­на сай ұрпақ тәрбиелеу.

Балаға айналадағы өміршындығының әсері мол. Айналасындағы үлкендердің, өзінен ере­сек балалардың бір-бірімен қарым- қатынасы, көңіл-күй ерекшеліктері, жүріс- тұрысы, еңбек әрекеті – бәрі де балаға үлгі- өнеге. Бүгінгі ба­ла­лар тез жетіліп келеді. Олар айналадағы бо­лып жатқан барлық оқиғаларды білгісі келеді. Баланың тұлға бо­лып қалыптасуына отбасының тәрбиесі аздық етеді. Бұл орай­да ба­ла тәрбиесіндегі балабақшаның ор­ны ерек­ше. Себебі, ба­ла-бақшаға ба­ра­тын ба­ла қоғамда өз ой­ын ашық айтуға үйренеді. Со­ны­мен қатар жан- жақты жетіледі.

- «Ба­ла­лар — біздің болашағымыз.» Сондықтан ба­ла­лар­ды ерек­ше күтіп, тәрбиелеу ке­рек. Әсіресе, ұлттық құндылықтарды бойы­на сіңіруіміз қажет. Және баланың үйде отыр­май, балабақшаға барғаны жөн. Өйткені, ба­ла сыртқа шықса, айналадағы ортаға үйренеді, мінезі тұйық бол­май­ды, адам­дар­мен тез ара­ла­са­ды. Балабақша ең ал­ды­мен ба­ла­ны тәртіпке, жауапкершілікке үйретеді. Баланың ой­лау қабілеттерін ар­т­ты­ру арқылы ұрпақты жақсылыққа тәрбиелейміз. Ата- ба­ба­ла­ры­мыз айтқандай баланың тәрбиесі бесіктен бас­та­ла­ды, яғни тәрбиенің негізі от­ба­сы­нан бас­тау ала­ды. Балабақша, одан кейін мек­теп адамның қоршаған ор­та­да же­ке тұлға ретінде қалыптасуына көмектеседі. Отбасындағы тәрбие мен балабақшадағы тәрбиені ұштастыра оты­рып, әрі қарай жақсы жолға түсуіне се­беп­кер бо­ла­ды деп ой­лай­мын. Ата-ана­лар таңертең бізге ба­ла­ла­рын әкеліп, жұмысқа кетеді. Әке-шешесі ама­нат­тап бізге сеніп тап­сы­рып кет­кен балаларға жауапкершілікпен қарамауға бол­май­ды. Ба­ла­лар аман, қуанып жүрсе, бізге одан артық бақыт жоқ. Олар­ды бір күн көрмесем сағынып қаламын.

Қазақ халқында: «Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай күт, бес жас­тан он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса, он бес жас­тан асқасын досыңдай сыр­лас» — де­ген та­ма­ша сөз бар. Бұл — мағынасы терең философиялық өмір шындығы. Шы­нын­да да, тәрбие сәби дүниеге шыр етіп кел­ген алғашқы сәттен бас­та­луы ке­рек. Адам мінезі бес жасқа дейінгі кезеңде қалыптасады деседі. Ен­де­ше, жас сәбиді алғашқы күннен бас­тап тәрбиелеу ке­рек. Әрине, баланың тәрбиесі от­ба­сы­нан бас­та­ла­ды. Де­ген­мен, тәрбие ретінде балабақшаның да ала­тын ор­ны ерек­ше.

«Балабақша - тәрбиенің алтын бесігі»

«Бала естігенін айтады, көргенін істейді» - деп қазақ халқы бекер айтпаған. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор. Кішкентай сәбилеріміз ата - анасының, тәрбиешісінің, достарының мінезінен, жүріс - тұрысынан, сөйлеген сөзінен, істеген ісінен үлгі алуға тырысады. Бала бойына адамгершілік қасиеттерді ойын, салт - дәстүр, мақал - мәтелдер, ертегілер, жұмбақтар, айтыс өлеңдер арқылы сіңіру ата - ана мен тәрбиешілердің басты міндеті.Ертегінің тәрбиелік мәні зор. Ол сәбидің қиялына қанат бітіріп, бойындағы игі қасиеттердің қалыптасуына жол бастайды. Мысалы «Шалқан» ертегісін тыңдап болған соң, балалар шалқанды көптің көмегімен жұлып алғанын білді. Ал, «Ақмышым» ертегісін тыңдап болып, кішкентай бүлдіршіндер қамқорлық, мейірімділік сезімдерімен танысты.

Адамгершілік дүниесіндегі ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан қымбат қазыналарымыздың бірі – бесік жыры, мақал - мәтелдер болып келеді. Сәбилер «бесік жырын» тыңдай отырып, ананың бесік жырымен, әлдиімен, өзінің туған тілінің әуенінен тұңғыш рет нәр алады. Мақал - мәтелдер арқылы кішкентай бүлдіршіндеріміздің қайырымдылық, ілтипат сезімдерін арттырамыз, адамгершілік сезімдерін оятамыз. «Үлкенге – құрмет, кішіге - ізет» деген мақал – мәтел арқылы бала бойына үлкенді құрметтеу, қамқорлық сезімдерін туғызамыз.

Балаларды еңбек сүйгіштікке баулу арқылы, адамгершілік, эстетикалық қасиеттерін дамытуға болады.
Өз – өзіне қызмет ету;
- Кішкентай топтарда балалар тәрбиеші көмегімен киініп, жуынып, сүртінеді, бір - біріне көмектеседі, «рахмет, кешір, өтінемін» сөздерін айтуға баулу. Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым - қатынастарын қалыптастыру. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады немқұрайлықтың пайда болуына, құрбыларына, үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды.
- Тұрмыстық қызметте топтағы ойыншықтарды жинау, оларды күтіп ұстау, топты таза ұстау. Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетіне қажет ермек саз, тақтайша, қылқалам т. б дайындауға көмектесуі. Осылайша біз бүлдіршіндерімізді қайырымдылыққа, кішіпейілділікке шақырып, жақын адамдарына қамқор болуға үйретеміз.

Әрбір жасалынған істен кейін «Жарайсыңдар балалар! Тобымыз немесе ойын алаңымыз қандай сәнді болып қалды, бәрекелді!» деген сөздерді есту арқылы жасаған еңбектерінің дұрыс екеніне көз жеткізеді. Ұжым болып жұмыс жасай білуі, ұқыптылық, ізденімпаздық, аяушылық, қамқорлық, сезімдерін бойына сіңіруі аса маңызды.

Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру – ата - ана мен ұстаздардың басты міндеті. Кішкентай бүлдіршіндеріміздің бойына ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, адамгершілік қасиеттерін сіңіріп, өз - өзіне деген сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілер шешуші рөл атқарады. Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу күнделікті балабақша өмірінде, тәрбиешінің жұмыс күнін ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы турде қамтылады. Тәрбиешінің тәртібі, іс - қимылы, балалармен, үлкендермен қарым - қатынасы кішкентай сәбилер үшін үлгі болып, олардың жеке басының қалыптасуына ықпал етеді. Балабақша мен отбасы арасындағы тығыздық артқан сайын бүлдіршіндеріміздің адамгершілік құнды қасиеттері арта түседі. Осыдан келіп, бүлдіршіндерімізде жақсы қылықтар, ұжымдық қарым - қатынас, адамгершілік сезімдері, еңбексүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, жауапкершілік, патриоттық сезімдер туралы түсініктер қалыптасады. Кішкентай бөбектеріміз адамгершілік қасиеттерді ата - анасынан, үлкендерден, тәрбиешілерден насихаттау арқылы емес, тек шынайы көру, сезіну қатынасында алады. Адамгершіліктің құнды қасиеттерінің негізі отбасында қалыптасады.Адамгершілік тәрбие отбасынан бастау алатын болғандықтан инабаттылық, мейірімділік, ана сүтімен, ана тілімен келетіні анық. Сол себепті халық даналығы: «Сүтпен біткен мінез, сүйекпен кетеді» бекер айтпаған. Дана, ойшыл Абай атамыз бұл туралы былай деген: «балаға мінез үш алуан адамнан жұғады; бірінші – ата - анасынан, екінші – ұстазынан, үшінші – құрбысынан».

Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар көзі – халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет - ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс – тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.

Қазақ халқы баланы жастайынан жақсы әдеттерге баулыған. «Үлкенді сыйла, жолын кеспе» деген ұлағатты, тыйым сөздердің мәні зор. Бала бойына кішіпейілділік, сыпайылық, сыйластық сияқты қасиеттерді сіңіре білсек, адамгершілік тәрбиесінің жемісіне бөленетініміз анық!
Тәрбиенің алтын бесігі – балабақшамыздағы сәбилерімізді адам баласына тән асыл қасиеттерге, адамгершілікке тәрбиелеуден жалықпайық!Керіқайту



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Бала тәрбиесіндегі балабақшаның рөлі»

Автор: Кульбаева Роза

Дата: 14.02.2018

Номер свидетельства: 457366

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "АТА-АНА МЕН БАЛАБА?ШАНЫ? БАЛА Т?РБИЕСІНДЕГІ РОЛІ. "
    ["seo_title"] => string(53) "ata-ana-mien-balabak-shanyn-bala-t-rbiiesindiegi-roli"
    ["file_id"] => string(6) "236470"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1444068429"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(107) "Бала т?рбиесіндегі отбасы мен балаба?шаны?  ынтыма?тасты?ы. "
    ["seo_title"] => string(65) "bala-t-rbiiesindieghi-otbasy-mien-balabak-shanyn-yntymak-tastyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "236662"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1444134439"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Баяндама "Білімді ұстаз бала бақыты""
    ["seo_title"] => string(37) "baiandama_bilimdi_u_staz_bala_bak_yty"
    ["file_id"] => string(6) "407515"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1491563878"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(114) "«Бала тәрбиесіндегі отбасы мен балабақшаның ынтымақтастығы»."
    ["seo_title"] => string(58) "bala_t_rbiesindegi_otbasy_men_balabakshanyn_yntymaktastygy"
    ["file_id"] => string(6) "575103"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1615378609"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(88) ""Бала т?рбиесіндегі балаба?шаны? р?лі" атты ма?ала"
    ["seo_title"] => string(46) "balatrbiiesindieghibalabakshanynroliattymakala"
    ["file_id"] => string(6) "284528"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1453993612"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства