kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ұлттық ойындар -тәрбие құралы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектеп жасына дейінгі балалардың ұлттық ойындарға қызығушылықтарын арттыру мақсатында балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ұлттық ойындар -тәрбие құралы»

Қазақтың ұлттық ойындары

Мақсаты:

-Мектеп жасына дейінгі балаларға рухани жаңғыруда ұлттық ойындарымызды бойына сіңіріп , қызығушылықтарын арттыру.

-Шапшаңдық , байқағыштық қабілеттерін дамыту.

-Ұлттық ойындарымызды қадірлеуге ,салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Қазақстан-2030» стратегиясында негізгі бағыттардың бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен салт-дәстүрлерін есепке ала отырып, білімі мен білігі жағынан өркениетті елдердегі замандастарымен қатар тұра алатын, бойында ұлттық, отаншылдық рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса айтылған. Мектеп жасына дейінгі балалардың мемлекеттік міндетті білім беру стандартының жобасында: «Мектепке дейінгі білім беру – Қазақстан Республикасының жалпы білім беру жүйесінің құрылымдық бөлімі ретінде маңызды роль атқарады, себебі оның шегінде баланың табиғилық сапалары мен ерекшеліктері анықталып, олардың даму жағдайлары қамтамасыз етіледі...» деп көрсетілген.Тәуелсіздік алған еліміздің келешек ұрпақты ұлттық, халықтық және этностық-мәдени тұрғыда тәрбиелеуі бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бұл мәселенің шешімін табу үшін үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде қайта қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. Мұндағы алға қойылып отырған негізгі талаптар – Қазақстан білім беру жүйесінің бүкіләлемдік білім беру кеңістігіне толық енуінің алғашқы ұлттық даму стратегиясын жасап, моделін құру. Ұлттық мұраның бай қазынасының бірі – халықтың ұлттық ойындары көп салалы, көп қырлы құбылыс, ол тек ойындық сала емес, мәні жағынан да балабақша тәрбиеленушілерінің рухани өресі кең өсіп – жетілуіне, эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелейтін негізгі құралдардың бірі.

Фольклортанушы ғалым Ә.Диваев «Қазақ балаларының ойындары» деген еңбегінде адамның жас ерекшелігін үш топқа бөледі:

- «...өмірге келгеннен бастап жеті жасқа дейінгі бала»;

- «жеті жастан он бес жасқа дейінгі балалар»;

- « он бес пен жиырма жас аралығындағы жастар...».

Осының негізінде қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырып, бірінші топқа, сол жастағыларға лайықты: «санамақ, тәй-тәй, айгөлек, соқыр теке, қуырмаш, алақан соқпақ, ақ серек-көк серек» т.б. ойындарын, ал одан кейінгі топқа: «тақия тастамақ, тартыс, сиқырлы қоржын, бәйге, көкпар, асық, хан талапай, теңге алу, қыз қуу, орамал тастамақ, ақсүйек, күрес» т.б. ойындарын жатқызуға болады. Мұндай ойындар баланы тез ойлауға, тапқырлыққа баулып, жаңа тақырыптарды жылдам меңгеруге ықпал етеді, сөз тіркесіне, ұйқастыруға дағдыландырады.





Ойын туралы мынандай т ұ ж ы р ы м ж а с а л а д ы :

а) ойын - тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді т ә р б и е л е й д і.

ә) е р і к ж ә н е м і н е з қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.

б) ұ ж ы м д ы қ с е з і м әрекеттері өсе түседі.

в) э с т е т и к а л ы қ т ә р б и е б е р у - өнерді, көркемдікті түсіндіру құралына айналады.

г) е ң б е к т ә р б и е с і н б е р у мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.

д) д е н е к ү ш і н і ң ж е т і л у і н е к ө м е к т е с е д і - ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады.

Мамандар қозғалмалы ойындарды төрт топқа бөледі:

1. Табиғи заттарды қолданып ойнайтын ойындар: асық, бестас, лек жалау, сиқырлы таяқ, бақай пісті, жылмаң т.б.;


2. Жануарлар бейнесін елестетіп ойнайтын ойындар: соқыр теке, түйе-түйе, ақ байпақ, көк сиыр және т.б.;


3. Мүліктік бұйымдарды қолданып ойнайтын ойындар: шалма, бөрік жасырмақ, түйілген шыт, тақия телпек, белбеу тастау, орамал тастау, т.б.


4. Құрал-жабдықсыз ойнайтын ойындар: айгөлек, ақсерек-көксерек, шымбике, мәлке тотай, тоқтышақ, шертпек, жасырынбақ, бұғынай, т.б.

«Қол күрес»

Ойынның мақсаты: Жылдамдық – күш сапасын мақсатты дамыту. Балаларды құрбыларының қимылдарын бағалауға үйрету.

Ойынның шарты: Ортаға екі ойыншы шығып, кілемнің үстіне жамбасынан жатады. Олар бас бармақтарын айқастыра қолдарын жымдастыра тік ұстайды, қолының күші көп ойыншы қарсыласының қолын жерге тигізуі керек.


Теңге алу

Ойынға қатысушылар тепе-тең екі топқа бөлінеді. Әрқайсысы жеке-жеке шыбық мінеді.

Ойынды бастаушы жүргізеді. Ойын кезегі басталатын жерге сызық сызылады. Одан әрі 20-30 метрдей жерден тереңдігі бір қарыстай шұңқыр қазылады. Шұңқырға 10-10 тас салынады. Содан екі топтан екі сайыскер шығады да, сызыққа келіп қатарласып тұрады. Бастаушының белгісі бойынша шыбық аттарын құйғытып шаба жөнелді. Сол беттерімен әлгі шұңқырға жетіп, қол сұғып жібереді да тасты іліп алып, әрі өтіп кетеді. Шұңқыр тұсында бөгелуге болмайды. Ұпай әр сайыскердің іліп алған тастарының санына қарай есептеледі. Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңеді.


Асық ату


Аумағы 2-3 қадамнан тұратын шеңбер сызылады. Ортасына әр ойыншы келісім бойынша екі-үш асықтан тігеді. Сақасын иіру арқылы кезек алған ойыншылар 5-7 қадамдай жерде тұрып, тігілген асықтарды сақамен ата бастайды. Ойыншы сызықтың сыртына шыққан асықты ғана алады. Егер ойыншы бірдей-бір рет асықты шеңбермен шығара алмаса, ойыннан шығады.Ойыншылардың бәрінің кезегі біткенде ойын қайта жалғасады






































№31 “Күншуақ” МДҰ
















Қазақтың ұлттық ойындары
















Дайындаған: Онкалбаева Салтанат Жалгасовна










Ақтөбе 2017 жыл









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Ұлттық ойындар -тәрбие құралы

Автор: Онкалбаева Салтанат Жалгасовна

Дата: 22.11.2017

Номер свидетельства: 440106

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "?лтты? ойындар-т?рбие ??ралы"
    ["seo_title"] => string(25) "ulttykoiyndartrbiiekuraly"
    ["file_id"] => string(6) "284270"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1453962075"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(177) "?лтты? спорт ойындары ар?ылы кіші мектеп жасында?ы о?ушыларды салауатты ?мір салтына ?алыптастыру."
    ["seo_title"] => string(107) "u-lttyk-sport-oiyndary-ark-yly-kishi-miektiep-zhasyndag-y-ok-ushylardy-salauatty-omir-saltyna-k-alyptastyru"
    ["file_id"] => string(6) "294273"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1455629321"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(124) "Ойын - балаларды? білім, білік, да?дысын ?алыптастыратын т?рбие ??ралы "
    ["seo_title"] => string(71) "oiyn-balalardyn-bilim-bilik-dag-dysyn-k-alyptastyratyn-t-rbiie-k-u-raly"
    ["file_id"] => string(6) "219676"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1434331473"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(96) "Баяндама "?лтты? ойындар ар?ылы дене т?рбиесіне баулу""
    ["seo_title"] => string(59) "baiandama-u-lttyk-oiyndar-ark-yly-dienie-t-rbiiesinie-baulu"
    ["file_id"] => string(6) "286449"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1454340586"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(118) "?аза? хал?ыны? мерекелері мен ?лтты? ойындары та?ырыбына ашы? саба? "
    ["seo_title"] => string(78) "k-azak-khalk-ynyn-mieriekielieri-mien-u-lttyk-oiyndary-tak-yrybyna-ashyk-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "118310"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1413105779"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства