Просмотр содержимого документа
«Ұйымдастырылған оқу қызметі "Менің отбасым"»
«Балапан» ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 03 .09.2018ж
Тәрбиеші: Сатымбаева А.К.
Білім беру саласы: «Таным»
Пән: Жаратылыстану
Өтпелі тақырып: "Менің отбасым"
Тақырыбы: "Менің отбасым"
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік: Бір-біріне қамқор болуға, өз отбасын мақтан ете білуге тәрбиелеу 2.Дамытушылық: Отбасына байланысты сөздермен сөздік қорлатын байыту. Өлең-тақпақтар, мақал- мәтелдер үйрету арқылы ой-өрістерін , тілдерін дамыту. 3.Оқыту: Бір отбасындағы адамдар арасындағы тату қарым-қатынасты қалыптастыру. «Бақытты отбасы», «Тату отбасы» ұғымдарын терең түсіндіру . «Қуаныш», «Бақыт» құндылықтарының мәнін түсіндіру.
Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы, жеке бағдарлау технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: отбасы мүшелері туралы суреттер, ТСО .
Балалар қол ұстасып тұрып А.Асылбековтың «ЖАНҰЯ» атты өлеңін тәрбиешімен бірге қайталайды .
Сенде де бар жанұя, Менде де бар жанұя, Балықта да, малда да, Құстарда да , аңда да Үлкенде де, кішіде де , Жанұя бар әрбір кісіде. Жанұя бары шуақ қой Қуаныш пен қуат қой.
2. Негізгі бөлімі Өзімен өзімБалалар бәріміз жайғасып отырып , көзімізді жұмып , өзіміздің отбасымызды, яғи тату-тәтті жанұямызды көзіміздің алдына елестетейік . Барлығымыз демалыс күні үйдеміз. Отбасы мүшелері түгел үлкен дастархан басына жиналдық деп ойлайық . Бәріміздің жүзімізде қуаныш, бір-бірімізге сүйіспеншілікпен, сыйластықпен қараймыз. Біздің қуанышты сәтімізге ортақтас күн сәулесі де үй ішін жылы шуаққа бөлейді. Қандай тамаша, қандай қуанышты күн! Ал енді, балалар, көзімізді жайлап ашып ,өзіміздің ойымызды, жүрегіміздегі сезімдерімізді бөлісейік. ( Балалардың жауаптары тыңдалады.)
Әңгімелеу
Әр бала өз отбасы туралы суретерді көрсете отырып, әңгімелейді . ( ата-анасының, бауырларының аты-жөндері, жақсы қасиетері туралы айтып береді .)
Сөздік жұмыс: ата-ана, отбасы мүшелері (сөздерді қайталату) Үштілділік: отбасы-семья-family ,ата-ана-родители- parents
Әңгімелеу Тату-тәтті отбасы
Алан мен Арнұр бес жаста. Олар балабақшаға барады. Балабақша олардың үйлеріне жақын орналасқан. Оларды балабақшаға атасы мен әжесі апарып, алып келеді. Балабақшада оларға өте көңілді, достары да көп. Сонда да олар үйге жеткенше асығады, өйткені кешке барлық отбасы мүшелері үлкен дастархан басына түгел жиналды. Қызықты әңгімелер айтылады. Күнделікті кешкі астан кейін атасы мен әжесі немерелерін «күндерім», «құлыншақтарым» , «ботақандарым» деп еркелете отырып , ертегілер айтып береді. Содан кейін олар ата-аналарының ақылдарын тыңдай отырып, үлкендерге көмектеседі . Гүлдерге су құяды, ойыншықтарын жинайды, өз киімдерін реттеп орындарына қояды да: Әкемізге еркелеп, Анамызды тыңдаймыз. Әжем айтар ертек көп, Атамызды сыйлаймыз,-деп әндетіп қояды.
Атасы мен әжесі немерелерінің ақылдылығына сүйісініп қарап, Айналайындарым, үлкен азамат болыңдар! Өркендерің өссін,-деп баталарын береді.
Әкесі мен анасы да балаларының ақылды азамат болып өсіп келе жатқандарына қуанады. «Балапан ұяда не көрсе ,соны іледі» деп, оларды тарбиелі ,ақылды , отбасында тату-тәтті өсіп келе жатқандарына сүйсіне қарайды.
-Балалар, қалай ойлайсыңдар, бұл қандай отбасы? -Отбасында кімдер тұрады? -Атасы мен әжесі немерелерін қалай еркелетеді? -Алан мен Арнұр қандай балалар ? -Олар үлкендерге қалай көмектеседі? -Отбасында сыйластық көріне ме? -Ата-әжесінің берген баталарын еске түсіріңдер. -Сендер қандай балаларсыңдар? -Ата-әжелерін сендерді қалай еркелетеді?
(Балалардың жауаптары тыңдалады.)
Сергіту сәті
Бас бармағым-әкем.
Балан үйрек-анам.
Ортан терек- ағам
Шылдыр шүмек –апам
Кішкентай бөбек –мен
Бір үйде біз бізнешеуміз?
Бір үйде біз, бесеуміз
Жұдырықтай жұмылған,
Біздер тату жанұя.
Ойын «Менің отбасым»Тақтаға ілінген плакатқа салынған жүрекшелерді, гүлдерді жапсыра отырып, өздерінің тілектерін айтады.
Мысалы: -Мен отбасыма жақсылық тілеймін ! Ешкім ауырмасын. -Мен отбасыма бақыт тілеймін ! Мен отбасымды жақсы көремін . – Мен отбасыма татулық тілеймін! Біз бір-бірімізді сыйлаймыз. -Мен отбасыма жақсылық тілеймін ! -Мен отбасыма ашық аспан тілеймін! Олар менің жүрегімде. -Мен отбасыма әлемдегі бар жақсыны, бар қуанышты тілеймін!
Балалар отбасы жайлы үйренген бұрыннан білетін мақал- мәтелдерін , өнегелі даналық сөздерді, өлең- тақпағы айтып береді. Мысалы: Анам маған үлкенді сыйла деген Сол сөз маған ізгілік құйған екен. Үлкендерден ауысқан кішілікті Үлкендердің өзіне сыйға берем.
Балапан ұяда не көрсе, Ана көрген тон пішер.
Ұшқанда соны іледі. Әке көрген оқ жонар.т.б
3. Қорытынды: Балалар қол ұстасып тұрып Е.Өтетілеуовтің «Біздің шаңырақ» өлеңін тарбиешімен бірге айтады. Атамнан басталар, Әкем мен анам бар. Әжеммен қосталар Бір туған ағам бар. Отбасым мыналар- Бір туған апам бар. Ең жақын адамдар: Бәрін жақсы көремін, Еркелеймін еремін!