«Мен және мен түсінігін қалыптастыру» | өзінің есімін, жасын, дұрыс айтуға үйрету, өзін-өзі тануды жан-жақты дамыту; еріннің қозғалу қабілетін дамыту; сөздік қорын молайту; ритмикалы әуен арқылы сөздік қорын молайту; тыныс алуын дамыту; ұсақ қол моторикасын дамыту; | Сабақтың түрі: жеке сабақ Әдіс-тәсіл: ойын, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап І. Ұйымдастыру барысы: Логопед баламен айна алдында отырады, өзін таныстырады. Сәлемдесу (үш тілде) ІІ. Негізгі бөлім - Менің атым – Жанат. Мен апаймын. Баланы айнаның алдына отырғызып, өзін айнадан көрсету. Содан кейін оның есімін, жасының нешеде екенін сұау. - Мына айнадан сен кімді көріп тұрсың? - Сенің атың кім? Жасың неше де? Бала сөздің мағынасын түсінбеуіне байланысты, балаға өзінің суретін көрсетіп, мынау – сен, сенің атың – Манас, ал мынау – мен, менің атым – Жанат, сенің жасың – 7 де, деп қайталап айту арқылы түсіндіру. Ойын: «Өзіңді тап». Ойын мақсаты: баланың ойлау қабілетін дамыта отырып, сөйлеу тілін түсінуін қалыптастыру. Ойын шарты: бірнеше суреттер ішінен бала өзінің суретін тауып көрсету. 1 - тапсырма: Артикуляциялық жаттығулар «Тоқаш» - еріндер біріктірілмеген, дөңгеленіп тұрады. «Керней» - еріндер біріктірілмеген, алға қарай созылады. «Пілдің тұмсығы» - еріндер біріктірілген және алға қарай қатты созылады. «Үйректің тұмсығы» - еріндер біріктірілген алға қарай созылады, жоғарғы ерін жоғары қарай көтерілген, ал төменгі ерін төмен қарай түсірілген. «Терезе» - ыстық – ауыз үлкен болып ашылады, - суық - ауызды жабу. «Шар» - ұртты толтыру, ауаның бәрін шығарып ұртты жинау. 2 – тапсырма: Логоритмика «Балақан» әні 3 – тапсырма: «Қарды ұшыр» Шарты: Мұрынмен терең дем алып, ауызбен дем шығару арқылы қарды үрлеп ұшыру. 4-тапсырма: Мақтаны қолмен дөңгелетіп қарлар жасау. ІІІ. Қоштасу. (үш тілде) Мақтау. Мадақтау. Бағалау. | |