Просмотр содержимого документа
«Баянауыл ?лтты? ба?ы.»
Сабақтың тақырыбы: Баянауыл ұлттық бағы.
Сабақтың мақсаты: Б.Сөздік қорларын байыту ,мәтін арқылы Баянауыл табиғаты туралы білімдерін толықтыру.
Д .Мәтін арқылы оқушылардың сөйлеу әрекеттерің тыңдалым ,жазылым, айтылым әрекеттерін ұйымдастыру.
Т.Экологиялық тәрбие беру мақсатында оқушыларды ортаны қорғай білуге, ластамауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақ түрі: дәстүрлі емес
Сабақ барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу
-Бүгін нешесі?
- -Үйге қандай тапсырма берілді?
Мотивация кезеңі : Оқушылар бір-біріне тілек айтады.
2. Үй жұмысын тексеру.
3. Жаңа сабақ.
Оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын ояту үшін (слайд шоу көрсету).
Мұғалім: - Мына суретте нені көріп тұрсыңдар?
- Бұл қай жердің табиғаты?
- Сондықтан сабақтың тақырыбы қандай?
Тыңдалым . Баянауыл туралы мәтінді үнтаспадан тыңдау.
Баянауыл-Павлодар облысының , Баянауыл ауданының орталығы.Бұл жердің мақтанышы да, ерекшілігі де-табиғаты.Соның ішінде Жасыбай , Сабындыкөл, Торайғыр көлдері. Олардың суы тұщы, мөлдір, айналасы қарағайлы, қайынды орман. Ауасы өте таза.Көлдердің қасында көптеген демалыс орындары бар.Таза ауамен дем алған адамның дені сау болып, ұзақ өмір сүреді.
Тілдесім - .Баянауыл қайда орналасқан?
- Оның қандай көлдері бар?
- Сулары қандай?
- Ауасы қандай?
- Таза ауа адамға не үшін керек?
Оқылым . Мәтінмен жұмыс
1 Іштей оқу. 2 Дауыстап оқиды
Сөздік жұмыс
Мөлдір-прозрачный ерекшілігі-особенность
Қайынды-березовый борышымыз-наш долг
1. осы сөздердің мағыналарын түсіндіру, аудару
2. Дұрыс айтуға дағдыландыру
-мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды
- оқушылар тізбекпен оқиды
Кім мәтінің мазмұның айтып береді?
Жазылым . Тапсырмаларды орындау.
1. Тапсырма . Мәтіндегі асты сызылған сөздерді сөз құрамына талдау.
Жердің, көлдері, ауаны
2.Тапсырма . Табиғат сөзін септеу
3.Тапсырма . Сөйлемнің дұрыс –бұрыстығын ажырату.
Жасыбайдың табиғаты ерекше емес.
Көлдің суы тұщы, мөлдір.
Демалыс орындары көп.
Көлдерді келешек ұрпаққа сақтап қалмау.
Жасыл орман , мөлдір өзен-көл елдің мақтанышы.
4. Сергіту сәті.
5 . Бекіту. Бейнефильм( Баянауыл туралы )
Айтылым. Сендер табиғатты қорғауға қандай үлес қосар едіңдер ?