Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық ахуал | 1.Мұғалім ұйымдастыру кезіңде «Сәлем - сөздің атасы» тренинг өткізеді · Сәлем достым (қол беріп амандасу) · Сен қалайсың? (иықтарын қағады) · Қайда болдың? (құлақтарын тартады) · Мен сені сағындым (қолдарын жүрекке қояды) · Сен келдің (қолдарын жаяды) · Жақсы болды (қатты құшақтайды) 1.Кезекшімен сұхбат. - Бүгін нешесі? - Бүгін аптаның қай күні? - Қазір қандай жыл мезгілі? -Қыс айларын ата - Ауа - райы қандай? - Сыныпта кім жоқ? -Қазір қай ай? -Желтоқсан айында қандай мерекелер болады? -16 желтоқсанда қандай мереке болады? \слайд\ | Оқушылардың көңіл-күйлері жақсарады. Сабаққа деген ынтасы оянады \2\ |
Өткен сабақты тексеру | - Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтау үшін мына сөздердің орысша баламасын қазақшаға аудару керек 1. Учитель 2. Школа 3. Учебник 4. Доска 5. Тетрадь 6. Дневник -осы сөздерді қайда қолданамыз? -берілген сөздер қандай сұраққа жауап береді? -зат есім ережесін айту -сөз тіркесін құрастыру | Айтылым \5\ Оқушылар жауабы Сөздерге сұрақ қойып, сөз тіркестерін құрастырады |
І.Қызығушылықты ояту | Сабағымызды М. Мақатаев өлең жолдарынан бастайық, бірге оқып шығайық. Мектебің мынау, класың Осында он жыл тұрасың Тарыдай болып кіресің, Таудай болып шығасың. -өлең не туралы? | Айтылым. \2\ М.Мақатаев өленің хормен қайталап, негізгі ойын айтып береді Сұраққа жауап беру арқылы жаңа тақырыпқа енеді |
ІІ. Мағынаны тану | Мектеп туралы слайд көрсетеді 1 .- Суретте не бейнеленген? -Мынау не? Кімнің мектебі? -Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Біздің мектеп». - Ал енді балалар, мектеп тақырыбына диалог құрастырайық. - Біздің мектебіміз қай көшеде орналасқан? - Мектебің неше қабатты? -Мектеп ауласында нелер бар? - Мектебің қандай? - Мектебің саған ұнай ма? - Мектеп директоры кім? - Тағы нелер бар? - Мектепте қандай кабинеттер бар? -Бұл не? - Мектеп кітапханашының аты кім? 2. Мәтінмен жұмыс Мынау- біздің мектеп. Біздің мектеп үлкен. Мектеп үш қабатты. Біздің мектепте асхана, кітапхана, спортзал бар. Асхана және спортзал бірінші қабатта. Біздің кітапхана екінші қабатта. Біздің сынып үшінші қабатта.Маған біздің мектеп ұнайды. -асты сызылған сөздер қандай сұраққа жауап береді? 3. «Ойлан, тап!» ойыны. Мынау- біздің ... ... . Біздің мектеп ..... . Мектеп ... қабатты. Біздің мектепте асхана, кітапхана, спортзал ..... . Асхана және спортзал бірінші .......... . Біздің кітапхана ..... қабатта. Біздің сынып ......... қабатта.Маған біздің мектеп ....... . | Жаңа тақырып \20\ Жазылым. Дәптерлеріне ай- күнін, тақырыпты жазады. Тыңдалым. Айтылым Слайдта бейнеленген суреттер бойынша әңгімелейді. Сұрақтарға жауап береді. Тақырып бойынша сұхбат жүргізеді Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдап, мұғаліммен бірге оқиды, тізбектеп оқып береді. Мәтінде жасырылған сөздерді тауып, сөйлемдерді толықтырып оқиды. Асты сызылған сөздерге сұрақ қояды. |
Сергіту сәті | «Кім дұрыс?» ойыны с ...н.... п, м ...кт .... п, ...арындаш, саба..., ...алам, к...нд...л...к, м...ғ...л...м, о...уш..., д...пт...р, к...т...п, ес...к, та...та, орынды..., ...демі, | Қазақ тілінен тән дыбыстарды қайталау \2\ Оқушылар тақтаға шығып, сөздерді жазады |
ІІІ. Бекіту | 1.Сұрақ- жауап әдісі. Мектеп қандай? Мектеп неше қабатты? Мектепте нелер бар? Асхана нешінші қабатта? Кітапхана нешінші қабатта? Біздің сынып нешенші қабатта? 2. Мектеп, сынып, тақта сөздерді тәуелдеу | Айтылым. Жазылым.\10\ Сұрақтарға жауап береді Берілген сөздерді тәуелдейді. |