Сабақтың тақырыбы | Ілияс Жансүгіровтің «Анам тілі», «Добыра» өлеңдері |
Сілтеме | Күнтізбелік жоспар, әдістемелік құралдар, 7 сынып қазақ әдебиеті |
Жалпы мақсаты | І. Жансүгіров туралы алған білімдерін толықтыру және өлеңдерінің мазмұнын түсіндіру, ашу. |
Оқу нәтижелері | Өлеңнің мазмұнын аша отырып, негізгі идеяны көрсету; Әдебиет теориясына назар аудару, есте сақтау; «Анам тілі» өлеңі арқылы қазақ тілінің қажеттілігін, тілдің маңыздылығын аңғарту, халық өнеріне деген қызығушылық пен өзіндік пікірін қалыптастыру. |
Түйінді идеясы | Оқушылардың ой-пікірлерін қалыптастыра отырып, өлеңдегі негізгі ойға көңіл бөлу, патриоттық сезім ояту. |
Кезең | Мұғалімнің іс - әрекеті | Оқушылардың іс - әрекеті | Оқыту әдісі | Бағалау |
Ұйымдастыру | Сыныптың жаңа сабаққа әзірлігін қадағалау. | Кезекші сыныптың сабаққа дайындығын баяндайды. | Ынтымақтастық қалыптастыру. | |
Топқа бөлу Оқушыларға (қызыл,сары,жасыл қағазды) кәмпиттерді алу ұсынады. Мұғалім кімде бірдей болса солар бір топ болатынын айтады. АКТ-дан «Психология цвета» деген бейнебаян көрсетемін. Сабаққа назар аудартамын. | Оқушылар бір-бірлеп кәмпиттен алып, әр оқушы түсіне байланысты орындарына жайғасады. Оқушылар топқа бөлінеді. Оқушылар бейне баянды көре отырып, түстердің психологиялық ерекшелігімен танысады. | Топқа бөлу. тәсілі АКТ-ні қолдану әдісі. | |
Үй тапсырмасын сұрау | Мұғалім үйден оқуға берілген тапсырманы сұрайды. ол тапсырмаларды жұп болып орындауды талап етеді. | Әр топтан өздерінің үйден дайындаған мәліметтерімен таныстырады. І. Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы жайында мәліметпен танысу. | Диалог тық оқыту (жұп түрінде) | «Екі жұлдыз,бір тілек» |
Өткен сабақты қайталау | Бекіту сұрақтарын беру. Мұғалім АКТ-дан І. Жансүгіров туралы слайдын көрсетеді. Оқушыларға сұрақ қояды. | Оқушылар сұрақтарға жауап береді. | Сын тұрғыдан ойлау әдісі, диалогтық оқыту әдісі | Өзара бағалау |
Жаңа сабақ | 3. Оқулықпен жұмыс «Анам тілі»өлеңімен таныспас бұрын оқушылардың ойын білу үшін сұрақ қою. Өлең не жайында деп ойлайсыңдар? | Өлеңді оқушылар мәнерлеп оқып, түсініксіз сөздерді теріп дәптерлеріне жазады, мағынасын түсінеді. Тіл туралы мақал – мәтелдерді еске түсіру. | Джиксо әдісі,Диалогтық оқыту әдісі | Смайликтер арқылы бағалау |
М ұғалім топтарға бірдей тапсырмалар береді. Тұншыққандай, ат шапқандай, қамыстай, дыбыстай- теңеуге жатады. Қоңыр жел, адақтаған күй, ыңыраңған домбыра- эпитет болып табылады. Осы сөздерді тауып дәптерлеріне жазып алыңыздар. Дәптермен жұмыс Әдеби теориялық ұғымдар туралы түсінікті жаздыру. | Оқушылар сыни тұрғыда ойлана отырып кестені топта толтырады. Әр топтан 1 оқушыдан шығып түсіндіреді. Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына сыни тұрғыда ойлана отырып жауап береді. Градация дегеніміз не? (дәптерлеріне жазып алады) Градация, дамыту-алдыңғы сөзден соңғы сөзі, алдыңғы ойдан соңғы ойды, алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты асыра, асқақтата түсу. Түйдектету, баяулату түрлері «Домбыра» өлеңінде екеуі де кездеседі. | СТО әдісі Оқытуды және оқуды бағалау әдісі | «Әңгімелесетін әріптестер» бағалау түрі (ауызша түрде) Не жеңіл болды? Не қиын болып көрінгенді? Алдағы уақытта не оқығыларың келеді? |
Сергіту сәті | Мұғалім АКТ-ні қолдана отырып күйді қояды | Сергіту сәтін домбыра үнімен берілген әуенді тыңдай отырып, қимыл – қозғалыстар жасайды. | | |
Жаңа сабақты бекіту | І. Жансүгіров кім? Қандай шығармалар жазған? Туып –өскен жері, білімі, қызметі туралы бекіту сұрақтарын беремін. | Ілияс Жансүгіров-қазақ әдебиетінде артында өшпес із қалдырған ақыны, поэзия, поэма, жыр жанрларының үздігі. (оқушылар өмірі мен шығармалары туралы өз білгендерін айтады) | Жеке жұмыс | Өзіндік бағалау |
Үйге тапсырма. | «Анам тілі»өлеңін мәнерлеп жатқа оқу, «Домбыра» өлеңін жүргізіп оқу, өз ойларын жазып келу. | Оқушылар өз күнделіктеріне үй тапсырмасы ретінде «Анам тілі»өлеңін мәнерлеп оқу жазып алады. | | |
Бағалау | Мұғалім оқушылардан өзін-өзі бағалауды сұрайды. | Оқушылар өзін-өзі бағалайды | Сын тұрғыдан ойлау | Өзін-өзі бағалау |
Кері байланыс | Стикер таратылып беріледі. Оқушылар мұғалімге кері байланысты стикерге өз ойын жазу арқылы береді. | Стикерге сабақтан алған өз әсерлерін жазады, тақтаға жапсырады. | | |