Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сөз таптары туралы білімдерін кеңейту. Сабақтың міндеттері: 1. Сөз таптарының түрлерін ажырата білуге, жаттығудың тапсырмаларын дұрыс орындауға, сөйлемдегі сөздерді сөз таптарына талдай білуге үйрету. 2. Оқушының ой - өрісін, сөздік қорын, белсенділігін, жеке тапсырмалар арқылы жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту. 3. Сауаттылыққа. дұрыс мәдениетті сөйлей білуге, жылдамдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Парталас отырған көрші оқушылар бір – біріне қарама - қарсы қарап сабаққа сәттілік тілейді.
Өткен сабақты қайталап өту:
1. Сөз дегеніміз не?
Сөз дегеніміз қандай да бір заттың, сапаның, санның, құбылыстың атауы.
2. Күрделі сөздердің түрлерімен танысып едік, олар қандай сөздер еді? Біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз.
Жаңа сабақ
Сөзжұмбақ шешу арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын тауып алайық:
1. Балық түрі (сазан)
2. Көру мүшесі (көз)
3. Гүлдей нәзік жан (қыз)
4. Асыл..... (тастан)
5. Өнер...... (жастан)
6............., қара, сарымыз (ақпыз)
7. Аңшы қаруы (мылтық)
8. Қара емес (ақ)
9. Өтірік емес (рас)
10. Ақымақ емес (ақылды)
Қандай сөз шықты?
Сөз таптары деген сөз шықты.
Ой қозғау:
Оқулықпен жұмыс:
Оқулықтағы 1 - жаттығуға назар аударайық
1. Қатардағы сөздерді оқыту, бұл сөздер қай сөз табы және ол сөздерге қандай сұрақтар қойылады? Олай болса, зат есім дегеніміз не, сұрақтары 2. Екінші қатардағы сөздерді оқыту, бұл сөздер қай сөз табы және ол сөздерге қандай сұрақтар қойылады? Олай болса, етістік дегеніміз не, сұрақтары 3. Үшінші қатардағы сөздерді оқыту, бұл сөздер қай сөз табы және ол сөздерге қандай сұрақтар қойылады? Олай болса, сын есім дегеніміз не, сұрақтары 4. Төртінші қатардағы сөздерді оқыту, бұл қай сөз табы және ол сөздерге қандай сұрақтар қойылады? Сан есім дегеніміз не, сұрақтары
Топтастыру (сөз таптарын топтастыру, әр сөз табы қасына сұрақтарын орналастыру)
(Сөздерді қай сөз табына жататынын анықтап, астын сызу, сұрақ қойғызу)
Жаттығуды жазып болғасын біріне – бірін тексерту, бағалату.
Тыстадым, ұштадым – етістік ішік, үскі – зат есім
үш – сан есім
3 – жаттығу (Мәтінді оқыту, мәтіннің бастапқы бөлігін көшіріп жазу, сөз таптарына талдау)
Борсық – Қазақстанда кең тараған аң. Дене тұрқы 75сантиметрден асады. Орманды, таулы, далалы, сулы жерлерде кездеседі.
Тараған – етістік аң – зат есім кең – сын есім
Асады – етістік дене тұрқы – зат есім 75 – сан есім
Кездеседі – етістік Орманды, таулы, сулы - сын есім
Алда үлкен мереке келе жатыр. Ол қандай мереке?
Жаңа жыл, дұрыс яғни біз 2012жылды қарсы аламыз. Ал қазақша жаңа жылымызды қай айда қарсы алатын едік? Наурыз айында.
Биыл бізге қандай жыл келеді?
Ұлу жылы.
2012жылды үйде қалай қарсы аламыз?
Үйде шырша құрамыз, дастархан әзірлейміз, олай болса, біз де қазір шырша құрып және оны ойыншықтармен әшекейлейік
4 – жаттығу (тақтаға шырша ілінеді, ойыншықтардың артында тапсырмалар жазылған, сол тапсырманы орындайды, содан соң шыршаға ойыншықты іледі)
Тай, күн, аққу, тау, тауық, оқушы. (Осы зат есімдерді сын есім, сан есім, етістіктермен тіркестіріп сөйлем етіп жазамыз)
Екі асау тай шапты. Бес күн жылы болды. Көлге әдемі екі аққу қонды. Алматыда биік тау көп екенін көрдім. Тауық кішкентай бес балапанын ертіп шықты. Біздің класта бес үздік оқушы болды.
Шығармашылық тапсырма
Қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілі, олай болса, қыс туралы шағын әңгіме жазу.
2. Селдіреу – заттың тозып қалуға жақын кездегі түрі.
Киім тозған кезде қандай болады
Тігінен
1. Ызақор – ашуланшақ, шыртетпе мінезді адам.
Ашуланшақ адам.
2. Ырыс – мол байлық, береке.................... алды береке
Сабақты бекіту:
Балалар бүгінгі сабақта қандай жұмыстар атқардық? Сөз таптарын есімізге түсірдік, жаңылтпашты оқып сөздердің қай сөз табына жататынын таптық, мәтінді оқып, алғашқы сөйлемдерін сөз табына талдадық, сөзжұмбаққа сұрақтар жаздық, қыс мезгіліне әңгіме құрастырдық.