7 сынып оқушыларына арналған танымдық ойын. Ойынды оқушылар екі топқа бөлініп ойнайды. Ойын мақсаты: оқушылардың алған білімдерін саралай отырып, қазақ тілін оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«" Білгірлер сайысы" (Сыныптан тыс жұмыс)»
«Білімділер» бәйгесі
Мақсаты: Алған білімдерін саралай отырып, оқушылардың қазақ тілін оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.
Сайыс барысы:
Мұғалім:
Ана тілі қазағымның қаймағы,
Тілің сенің өміріңнің айғағы.
Білгірлері келген екен бүгінгі,
Болатұғын тіл туралы сайысқа.
(Екі топтың оқушылары өздерінің топ аттарын,ұрандарын, өлеңдерін айтады. Қазылар алқасы сайысты бағалайды.)
Біздің топ:«Алғырлар» тобы
Біздің ұранымыз: «Тіл бар жерде - өмір бар»
Біздің өлеңіміз: Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Біздің топ:« Тапқырлар» тобы
Ұранымыз: «Сүйемін туған тілді - қазақ тілін»
Біздің өлеңіміз: Тіліміздің бұлағы,
Тірліктің ел жүрегі,
Ана тілін сүйемін,
Отан үшін күйемін.
Тақтада «ҚАЗАҚ ТІЛІ» деген жазу бар. Әр команда кезектесіп, бір – бірден әріп таңдайды.Әр әріптің ар жағында тақырыптар белгіленген. Әр тақырыпқа бес сұрақ немесе тапсырма беріледі. (Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Жауап нақты, толық болу керек және ойланып топпен ақылдасуға болады)
Қ - Қазақ тілі
1. Көп тілді білетін адам кім? (полиглот)
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл? (қазақ тілі)