Мұғалім сөзі: Әр адам көзін ашып дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол – Ана. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да – Ана. Әрқашан дұрыс, таза жүр, адал бол деп тілейтін де – Ана. Ана, бұл жел жағымызға пана, бәріміз үшін дара, дана тұлға. Ана дегенде сөзге келмейтін тіл, лүпіл қақпайтын жүрек, мөлтілдемейтін жанар жоқ. Балаға анадан артық, анадан қымбат жан жоқ. Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбидің жыламауын, сұл соғыстың болмауын, қызыл гүлдің солмауын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ та аялы алақаны, жан жылыуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады, көңілімізді сергітеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел басқарған көсем де, күміс көмей әнші мен мың бұралған биші де анадан туып, соның көкірегінен нәр алып өскен. Ана – тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Ендеше анамызды сыйлап, құрметтейікші, жас достар! .
Анаң қандай түсті киімді ұнатады? 2. Жақсы көретін тағамы. 3. Ұнататын гүлі қандай? 4. Бос кезде немен шұғылданады? 5. Ұнатпайтын ісі қандай? 6. Ұнататын әншісі кім? 7. Атыңыз кім? 8. Нешедесіз? 9. Қайда тұрасыз? 10. Анаңыздың аты кім? 11. Қандай түс ұнайды? 12. Сыртта қандай мезгіл? 13. Нені жақсы көресіз? 14. Тәрбие сағаты біткесін қайда барасыз? 15. Анаңызды не үшін жақсы көресіз? 16. Бақшада не өседі? 17. Құлақ неге екеу? 18. Бақыт деген не? 20.Анаңызға айтар тілегіңіз.
-Осымен біздің сұхбаттасу бағдарламамыз аяғына жетті назар аударп тындағандарыңызға көп рахмет келесе кездескенше күн жақсы -бай қуатты болайық !!!
«Сөзжұмбақ»
Ең сүйікті адам ...
Ананың аяулысы ...
Әке – асқар ...
Бала жағасындағы - ...
Әдемі жан ..
Топпен жұмыс:
Мен сендерге казр А 4 беттегі қағаз ұсынымы сендер өз аналарыңа арнап хат жазыңдар оқыту. Почтаға салғызу.
Сезімнен туған өлең жолдары
Ән балаларға айтқызу.
Мұғалім: - Ана! Ана! Ана!
Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді. Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен жаралған.– Ана. Ана – деген сөздің өзі ыстық. Балаға анадан артық, анадан қымбат жан жоқ.
«№42 жанында интернаты бар жалпы орта білім беретін мектеп» КММ