Просмотр содержимого документа
«Сыныптан тыс тәрбие жұмысы»
Оқушылардың бойына адамгершілік тәрбиені қалыптастыру.
Мақсаты: Оқушылардың санасына, сезіміне және тәртібіне қоғамдық тәртіп талаптарына сәйкес адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру. Әлемдік өркениет пен жалпыадамзаттық рухани мәдени құндылықтарды ұрпақ санасына сіңіру.
(Білім алушылар пікірін тыңдау)
Адамгершілік сөзінінің мағынасын қалай ашар едіңдер?
АДАМГЕРШІЛІК
Адамгершілік-адамның рухани арқауы. Ал моральдік жағынан кіршіксіз таза болу дегеніміз- адамгершіліктің асқар шыңы. Адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиеттерімен артақталады. Адамгершілік қасиеттің негізі имандылық пен ізеттілікте. Ол әрбір отбасынан басталады. Осыны жадында тұтқан қазақ халқы жастарды кішіпейілдікке, ізеттілікке, инабаттылықа тәрбиелеуді бірінші міндет деп санаған.
Ер балаларға үлкендерге қол қолдап сәлем беруді, қыз балаларға ибалық жасап жол беруді, жас үлкендердің алдын кесіп өтпеуді уағыздаған. Жастардың жанына сыпайылық,кішіпейілдік қағидалар үнемі сіңірумен болған. Адамгершілік тәрбие дегеніміз- мақсатты және жүйелі түрде тәрбиеленушінің санасына, сезіміне және тәртібіне қоғамдық тәртіп талаптарына сәйкес адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
Жастарды саналы тәртіпке тәрбиелеу мәселесі ерекше маңызға ие. Бүгінгі таңның талаптарына сәйкес осы міндеттерді жаңаша тұрғыдан шешу қажеттігі туындап отыр.
Сол себепті «саналы тәртіпке тәрбиелеу» түсінігі қазіргі жағдайға сай сапалық жаңа үндестікке ие болуда,яғни әрбір шәкірт адамдық асыл қасиеттерді бағдарлай да бағалай білуі,ізгілік күшіне,қоғамға деген өзіндік көзқарасы және өзінің жеке жауапкершілігі туралы түсінігі мол болуы тиіс. Осылайша саналы тәртіп ұғымы жеке адамның өзіндік қасиеті ретінде айқындалып отыр.
Жастарды саналыққа тәрбиелеу барысында гуманитарлық пәндердің мүмкіндіктері мол. Себебі ұрпақ тәрбиесі жайлы қай халықтың болсын ақын-ғұламалары ертеден –ақ ой толғап, сыр шерткен, өз білгенін ортаға салған. Өз халқының жоғын жоқтап, ертеңін көп ойлаған кемеңгер де данышпан ақын-ұлы Абай. Ақын шығармалары жастарды саналы тәртіпке тәрбиелеудің жарқын көрінісі іспетті.
Мен жазбайын өлеңді ермек үшін, Жоқ-барды,ертегіні термек үшін. Көкірегі сезімді,тілі орамды Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
Ақын атану, өлең жазу-«ермек» немесе «ертегіне термек» еместігін, көркем ойлы,өткір тілді санасында сезімінің жарық сәулесі бар жастарға үлгі ретінде ұсынып отырғанын көреміз. Өкіншітісі- ақындықты ермек деп жеңіл түсінетіндер тек жастар емес,соның ішінде орта жастағылар арасында да кездеседі. Саналы тәртіпке тәрбиелеуде мұғалімдердің мадақтау мен жазалау, ұялту, көпшілік алдында айыбын бетіне басу шараларын шеберлікпен пайдалануы да табысқа жеткізеді.
Саналы тәптіпке жетудің маңызды шарттарының бірі – оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып тәрбие үдерісінің сабақтастығын сақтау. Оқушыларды тәртіпке тәрбиелеуде сынып жетекшісі түсіндіру жұмысының мақсаты-мінез-құлық нормалары мен ережелері туралы білімді жыл сайын жинақтау,саналы тәртіптің, адамгершіліктің мәнін ашып көрсету және осының негізінде өзінің мінез-құлық жауапкершілігін, қоғамдық тәртіпті бұзушыларға төзбеушілікті қалыптастыру.Мұндай түсіндіру жұмысты сынып сағаттарында, жиналыстарында, тақырыптық кештерде, оқырмандық конференцияда жүргізуге болады.
Шәкәрімнің «Адам атаулыны бір бауырдай қылып екі өмірді ( бұл дүние мен о дүниеде) жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз жол-осы мұсылман жолы» деген тұжырымы әрбір жүрекке жол тапқанда ғана адамдардың көкірегінде имандылық орнығып, бір сәттік нәпсі үшін ештеңеден тайынбайтын қатыгездіктен тыйылмақ.
Басты мақсат жастарға рухани байлығымызды беру жолында ғасырлардан келе жатқан дәстүрлерімізді шұрайлы тілмен жеткізе білуде екендігін ескеруіміз керек.Әдетте жоғары мектеп оқушылары кейбір студенттердің немқұрайлығын, көпшілік жерде өзін ұстай білмейтіндігін көргенде қиналып-ақ қалатындығы сөзсіз.Тіпті сәлем беріп,сәлем алудың өзі әдепке, көргенділікке, білім парасатқа байланысты.
Қазақ «Баланың бас ұстазы- ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей отбасында әдемі таны,түсінік қалай қалыптасса, адамнаң бойында қалатын- сол қасиет.
«Болса тәртіп бала өседі сомдалып, қатаң ұста бос жүрмесін сандалып» деп Жүсіп Баласағұн айтқандай тіл шыға бастасымен-ақ баланы шектен тыс шолжаңдатпай, байсалды, ұғымтал, тілалғыш етіп баулыған дұрыс. Халықтық тәрбиенің өзекті бір саласы-жас ұрпақты имандылыққа, қайрымдылыққа тәрбиелеу. Мәселен,жасы үлкенге иіліп сәлем беру, алдын кесіп өтпеу, алдынан барып есік ашу, үйге бұрын кірмеу, дастарханға бұрын қол созбау, үлкеннің сөзін бөлмеу,сөз жарыстырмау және мүгедек, кәрі жандарға қамқор болу жастарымыз үшін бұлжымас заң болатын. Қарияның «Өркенің өссін,қарағым, үлкен азамат бол» деген бата сөзі жас бала үшін үлкен мәртебе болған.
Абай өзінің он бесінші қарасөзінде ақылды кісі, ақылсыз кісі туралы жобалар айтылған. Олардың бір-бірінен қалай ажырату керек. Абайдың айтуынша: «Әуелі пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде ешбір нәрсені іздеген кезі өмірінің ең қызықты уақыты болып ойында қалады. Есті адам өмірінің әр күнін босқа жібермей, тиянақты іс атқарып, қызықты нәрселерді өз ғұмырының қызығына айналдырып, өткен өмірінде өкініш болмайды. Есер адам болса , баянсыз істер атқарып, қызықты нәрселерді құнсыздандырып, өмірін босқа өткізіп, өкінумен болады».
Отыз бірінші қарасөзінде ақын әрбір естіген нәрсені ұмытпау үшін төрт түрлі себепті айтады: «Әуелі- көкірегі байлаулы берік болмақ керек, екінші- сол нәрсені естігенде я көргенде ұғу керек,үшінші- сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек, төртінші- ой кеселді нәрселерден қашық болу керек».
Баласағұнның «Құтадғу білік» еңбегі –түркі халықтарының тұрмыс – тіршілігі хақында жазылған ескерткіштердің бірі. Мұнда дамға білім атаулының тіршіліктегі мәні, бақыт туралы, іс- әрекеттің дұрыс –бұрысы, тілден келетін пайда мен зиян, ел билеуші әкімдерге аса қажет асыл қасиеттер, әр түрлі тайпалардың тілін таба білу, тағы басқа ой толғамдар, бала мен ата-ананың қарым-қатынасын жан-жақты сө қылған. Адамгершілік тәрбиесіндегі ең басты буын адамгершіліктің асы қасиеттеріне баулу болып табылады. Ертеңгі күнге абыройлы бару үшін де табалдырықты әдептен аттамай төрге озу жоқ. Сондықтан жан қазынасы- білім, ой, рухани байлықпен қосылып барып адамды адамгершілігі бар азамат етіп танытар болар. Осы орайда жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовтың «Адам болу үшін адам шартты түрде әдепті болу керек» деген сөзі көкейгем оралды. Сол үшін де қоғамның әрбір азаматы өзін-өзі көпшілік алдында жақсы, ұнамды жағынан көрсете білуге ұмтылып,оны жақсылыққа, әдептілікке, адамгершілік асыл қасиеттеріне баулу екенін білсе- ісіміздің жемісті болғаны, болашағымызға өнімді болғанымыз. Себебі- адам әдебімен көрнекті.
Егер мұғалім өзін адамгершілік тәрбие беру арқылы адам қалыптастыру міндетін өз дәрежесінде атқарып келе жатса, қоғамдағы жат қылықтар қайдан шығып жатыр деген сауал туындауы мүмкін. Мысалы, оқушы мектепке келген кезінде тіл алғыш, жүрегі таза, сезімі пәк болып, өсе не жоғарғы буынға келгенде өзгеріп сала береді. Сол кезде мына бала қандай еді, қалай өзгеріп кетті, мынадай жаман әдеттерді қайдан үйреніп ала қойды, неге озбырлық жасауға бейім болып алды деген сұрақтар мазалайды. Әрине, оның себептерін жан-жақты іздеуге болады. Бала тәрбиесіне ата-анасы мен жүрген ортасына мұғалімнің де қатысы бар. Баланың қалыптасуына ықпал етіп, дамуына үлес қосатын мұғалімнің есте ұстар жағдайлары аз емес. Солардың ішінде ең негізгісі – балаға деген жүрек жылуы. Ол қашан да қажет және ешқашан артық болмайды.
Мұғалімін тек жақсы қырынан таныған оқушы үшін оның айтқаны анық, дегені дәл болып көрінеді. Қазіргі жағдайда тәрбиенің жалпы негізі адамгершілік құндылықтар болуы керек. Адамгершілік құндылықтар үлкен мен кішінің арасындағы шынайы қарым-қатынас кезінде бала бойына дариды. Ал мұғалімнің басты мақсаты - өзіндік адамгершілік құндылықтарын оқушы бойына дарыта отырып, оның жүрек түкпіріндегі рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтарды дамыту. Мектептегі, сабақтан тыс уақыттағы біздің ісімізді жалғастыратын жеке тұлға болып табылатын оқушыларды адамгершілікке, гуманистік жүйеге тоғыстыру. Мектеп қабырғасында жақсы тәрбиеленген, саналы білім алған шәкірт өмірде өз орнын табады. Ол үшін ең әуелі ұрпағымызды бала кезінен-ақ ұлттық тәлім-тәрбиеге, адамгершілік әдетке, рухани мәдениетке баулу керек. Сонда жас ұрпақ елі үшін елең қағар азамат, имандылық қасиеттерді жақсы білетін азамат болып қалыптасады. Қазір қоғам жан-жақты үйлесімді жетілген жаңа ұрпақты – жаңа адамды тәрбиелеуді талап етеді. Қоғам талабы – заман талабы. Өйткені «Әр адам - өз заманының баласы». Сол себепті адамды заман билейді, заманына сай заңы туындайды. Адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіріп жетілген тұлғаның бойындағы әдептілік сипаттар мынадай болуы тиіс:
Өзгелердің мүддесін өз мүддесінен жоғары қойып, кеңпейіл болу, тәкаппарлыққа жол бермеу.
Достарының, отбасының сенімін ақтау.
Жанашырлық таныту - өзгелердің мұң-мұқтажыдығына ортақтаса білу, оларға көмек көрсету.
Кешірімді болу – ренішке, өшпенділікке жол бермеу, ол үшін кек алудан аулақ болу.
Рақымды, мейірімді болу, адамның көңіл-күйін алдын-ала сезе білу.
Жауапкершілік таныту – адал болу, жалғандық пен алдап-арбаудан аулақ болу.
Өзін-өзі бір қалыпта ұстай білу - өз ойын, сезімін, тілегін, іс-қылықтарын ұстай білу.
Ұқыптылық – қандай іс атқарса да ұқыптылық таныту, еңбек ете білу.
Сұрақтар:
1. Адамгершілік бастауы неде?
2. Адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіріп жетілген тұлғаның бойындағы әдептілік сипаттар қалай көріну керек?
3. Әдептілік деген не?
4. Жалпы адамгершілік қасиеттерге не жатады? 5. Қазіргі кезде адамның бойынан қандай қасиеттерді көп байқауға болады? 6. Кей адамның жаман әдетке үйір болуының себебі неде деп ойлайсың? 7. Сен өзің жіберген қателегеңді мойындай аласың ба? 8. «Адам адамға дос, жолдас және бауыр» деген сөздің мағынасында не жатыр? 9. Адам бойындағы ар, намыс, ұят дегенді қалай түсінесің? 10. Адамгершілік асыл қасиеттер жайында қандай мақал-мәтел, нақыл сөздер білесің?
Қорытынды
Жақсы өмір дегеніміз – бұл………………………………………………..............................…. Адам болу дегеніміз – бұл……………………………………………...................................….. Өмірдегі ең басты нәрсе — бұл………………………………………................................….… Досың көп болу үшін…………………………………………….......................................….….. Егер мен сиқыршы болсам, онда мен…………………………...............................…………… Бос уақытым болса, мен…………………………………………………. .................................... Адам бақытты болу үшін……………………………………………………............................... Егер адамның кемшіліктерін байқасаң, онда………………………………............................... Мен өзімді …… …………………………..........................……….кезде өте жақсы сезінемін. Мен өзімнің досымның жағымсыз істер жасап жатқанын көрсем…........................................ Меніңше жақсылық пен жамандық………………………….................................................….. Мен сыпайы адамды кездестірген сайын..............................................……….деп ойлаймын. Мен …………….. …………………………………........................………….сайын қуанамын. Мен өзімді ……………………............................................…кездерде аса бақытты сезінемін. Неге барлық адамдар …………………....................................................……..болмайды екен.