kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Спид - ғасыр індеті

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәрбие сағаты дүниежүзілік ғасыр дертіне айналған Спид тақырыбына арналған. Оның белгілері, алдын алу жолдары, сақтану тәсілдері туралы егжей - тегжей түсіндірілген. Спид ауруының қаншалықты қауіпті екендігі видеороликтер арқылы түсіндірілді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Спид - ғасыр індеті»



Сабақтың тақырыбы: СПИД - ғасыр індеті.
Сабақтың мақсаты:
         1. Өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі СПИД дертінің алдын-алу,оның жұғу жолдарын, одан сақтана, қорғана білу туралы түсіндіру.
         2. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
         3. Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, адамгершілікке,
инабаттылыққа, ел жандылыққа тәрбиелеу.


Көрнекілігі: газет-журнал, интернет материалдары, видеороликтер, слайдтар.

Сабақ  барысы:

I.  Ұйымдастыру кезеңі

II. Оқушылардың зейінін аудару (бейне ролик)

III. Оқушы мәліметтері

IV. Сұрақ - жауап

V. Әдеби монтаж

VI. Бейне ролик

VII. Қорытынды.






























Диас: Армысыздар, құрметті оқушылар және ұлағатты ұстаздар!

1-желтоқсан “Бүкілдүниежүзілік ЖИТС індетіне қарсы күрес күніне” орай ұйымдастырылған “СПИД - ғасыр індеті атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!


Аружан:

Салауатты өмір салтын  қолдайық,

Әдеттен жаман аулақ болайық.

Өз өмірің, өз қолыңда ей жастар,

Су ішпеген гүлдей болып солмайық?! 

    СПИД адамзат алдында тұрған жаңа және қиын, тек медициналық қана емес, әлеуметтік проблема. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасының 4 басылымында барша жастарды салауатты өмір салтына шақырды.


Диас: Аружан, білесің бе? Соңғы жылдары жер шары халықтарының назары ХХ ғасырдың індеті аталған СПИД (иммунитет жетіспеушілік синдромы) дертіне аууда, қазірдің өзінде ондаған мың адамдардың өмірін жойған осы бір қатерлі ауру туралы жұмыр жердің түкпір-түкпірінде күн сайын хабар бермей отырған бірде-бір газет, журнал, теледидар немесе радио торабы жоқ. Бұл дерттің қара бұлты бүкіл жер шарын басып келеді.


Аружан: Дұрыс айтасың, Диас. Сондықтан осы аурудың алғашқы және негізгі белгілері, одан сақтану жолдары, аурудың алдын-алу және емдеу тәсілдерін білгеніміз жөн.  Бұл туралы мәліметті біздің сыныптың оқушылары дайындап келген екен. Оларға құлақ түрмес бұрын мына бейнероликке назар аударайық. Бір сәт тыныштық сақтайық.

(осы кезде бейнеролик ойналады, біткен соң оқушылар мәліметті оқиды)


Ақторғын: СПИД вирусының қай жылы кім ашқаны туралы.
СПИД қоздырғышын немесе адамда иммунитет жетіспеушілікті туғызатын вирусты (ВИЧ - 1) 1983 жылы француз ғалымы, вирусолог Л. Монтанье тапты. Ал 1984 жылы америкалық ғалым Р. Галло вирустың барлық қасиеттерін жан - жақты тексеріп жариялады.

Ә. Аружан: СПИД вирусы адам ағзасында қалай өмір сүреді?
Адам ағзасына енген ол қанның лимфоцит клеткаларының ішіне кіріп, клетканың генетикалық аппаратына жабысып тез көбейе бастайды. Осының әсерінен клетка жарылып өледі. Одан шыққан вирустар жаңа клеткаларға жабылып, өткен процестерді қайталайды. Лимфоцит клеткаларының осылай өле беруі салдарынан күндердің - күнінде ағзасында иммунитет жетіспеушілік пайда болады. Бұл жасырын кезең ондаған жылға дейін созылуы мүмкін. Айырықша еске салатын жай, осы жасырын кезең кезінде адам өзін аурумын деп есептемейді. Бірақ, ол өзімен қатынастағы адамдарға жұқпалы аурудың көзі ретінде СПИД - ті тарата береді.


Т.Ұлдана: СПИД - наркотикті егеушілердің инесі арқылы жұғады. СПИД - тен сақтану үшін не істеу керек? Мысалы: ішімдікке әуестік, токсикомандық, шылым щегу сияқты осындай заттардан аулақ болған жөн. Ол ойды да, бойды да өсірмейді. Қайта денсаулығыңды әлсіретіп, өмір жасыңды қысқартады. Ал, дені саудан, жаны саудан артық ештеңе жоқ. Байлық та, бақыт та сол емес пе?


Мерей: ВИЧ, қазақша АИТВ - адамдағы иммунитет тапшылығы вирусы, жұқтырғандар және СПИД – пен ауыратындар саны өте жылдам көбеюде. Тіпті бұл дерт балалар өміріне де балта шабуда.


Б. Ұлдана: Олардың арасында ауру жұқтырғандарды былай қойғанда СПИД - тен қайтыс болған ата - аналардың жетім қалған 15 жасқа дейінгі ұл - қыздарының саны 9 млн - ға жеткен.


Мира: Еліміздегі ВИЧ жұқтырған азаматтардың саны 900 - ге жетті. Оның ішінде СПИД - пен ауыратындар саны - 25, тек Алматыда ВИЧ жұқтырғандар саны - 38.


Жансая: СПИД ауруын тудыратын вирус - ВИЧ нәрестеге осы аурумен ауыратын ананың құрсағында жатқан кезінде немесе дүниеге келгеннен кейін қан арқылы, емізгенде жұғады.


Гулмарал: Кейде СПИД вирусын жұқтырған адамның қанынан ем ретінде сау балаға құйғанда да, бір рет қана қолданатын инені қайталап қолдану кезінде де жұғуы мүмкін.

Аяулым: Ғасыр дерті – СПИД өршіп тұр. Баспасөз бетіндегі соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар саны 1159 болса, 30 адамның СПИД - ке ұшырағанын мәлімдеді. Оның негізгі ошағы Қарағанды, Теміртау, Алматы қалалары болып отыр.

Данагүл: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «СПИД-тің алдын алу және күресу жөніндегі республикалық орталығының мәліметі бойынша, 2010 жылмен салыстырғанда (14 812 ВИЧ-инфекция жұқтырғандар, 1102 СПИД-пен ауыратындар), 2012 жылы Қазақстандағы ВИЧ-инфекциясын жұқтырғандар – 18 830, СПИД-пен ауыратындар саны 1595 адамға жеткен. Жалпы, ВИЧ/СПИД-пен ауыратын қазақстандықтардың 70,1% ерлер, 27,6% әйелдер, қалғаны  балалар. Балалардың 200-ден астамы қазақ ұлты көп шоғырланған Шымкент өңірінен.  Ал Қарағанды облысында 2014 жылдың 1 қаңтарындағы дерек бойынша,  3830 ВИЧ -ты жұқтырғандар  анықталыпты. 825 СПИД-пен ауыратындар тізімде тұр. Бірақ бұл дабыл әзірге тұрғындарға тосқауыл болар емес. Сондықтан да дерт  20-39 жастағы ұрпаққа ауыз салуда.


Диас: Аружан, менде бір сұрақ туындап тұр. Бұл СПИД ауруы қай кезде жұқпайды?

Аружан: Бұл туралы қонақтардан сұралық. Кімде қандай жауап бар екен.

(Әркім өзінше жауап береді.)


Диас: Аружан, бұл сұрақтың толық жауабын Бексұлтаннан сұрап білелік.

(Бексұлтан шығып тақтадан оқиды)


АҚТҚ төменде көрсетілген жағдайда жұқпайды
Жауаптары:

Қол алысып, құшақтасқанда. 

    Ыдыс-аяқтан, тамақтан, дәретхана заттарынан.
    Төсек жабдықтары мен киімнен.

    Темір және қағаз ақшадан 

    Су мен ауадан.

    Ойыншықтардан, қолданыстағы заттардан.

    Есік тұтқасы мен көліктегі ұстағыштан.

    Жәндіктердің шағуынан. 

    Моншада, саунада, бассейінде.

    

Менің берер кеңестерім 
    -Бөтен адамның қаны көзіңе, әсіресе жарақаттанған теріге жағылып кетуінен сақ бол.

    -Көшеде жатқан шприц пен инелерге тиме.

    -Есіңде болсын, барлық медициналық дәрі егу (укол) бір реттік пайдаланатын құралдармен жасалуы тиіс.


Диас: Аружан, Бексұлтаннан толық жауабымызда алдық деп санаймын.

Аружан: Ия, Диас, ендігі кезекті достарымызға берейік. Олар барша жасөспірімдерді Ғасыр індетіне қарсы күреске шақыру мақсатында өз өлеңдерін оқымақшы.

(Оқушылар өлең оқиды.)

Данияр:

Салауатты мақсатың өмір сүру, 
Өмірдің мағынасын керек білу. 
Шылым мен нашақорлық сенің жауың, 
Пайдалы сол-бұл жолдан аулақ жүру. 
«2030-шы бағдарлама», 
Өмірің түскендей-ақ жаңа арнаға. 
Денсаулықты сақтауды жолға қойды, 
Айырылып бұл байлықтан қапы қалма. 
Жарасқан:

Спиртті ішімдікке әуес болма 
Күресу керек саған осы жолда 
Денсаулық-зор байлық деп бекер айтпас. 
Өмірің ей, достарым,өз қолыңда. 
Нашақорлық бизнесі ауыр қылмыс, 
Кетеді адам азып, тозып тұрмыс. 
Сақтанып өз-өзіңе ие болғын, 
Салауатты ақылмен істе жұмыс. 

Бексұлтан:

Шылым шегу ұрпағыңды тоздырады, 
Кейпіңді алып адамдық аздырады. 
Сақтан, сақтан әзәзіл ащы иістен. 
Дәмін алсаң,өмірің зәрлі болады. 
Өмірің болсын десең сенің сәнді, 
Ойланып айналаңа қара мәнді. 
Адам бол! Білімі тасқан,өнері асқан, 
Өзіңе сүйсіңдірер барлық жанды.
Мақсат:

Сүйкімді ақылды бол иман жүзді, 
Ғылымды үйрене біл небір түрлі. 
Шылымға үйір болма, түсін соны, 
Ешқашан сұрқын кетіп болма сорлы. 
Болсаңдар білімді әрі парасатты, 
Сыйлайтын үлкен-кіші инабатты. 
Шылым мен нашақорлық болсың жауың, 
Сақтай біл өз ұлтыңның дәстүр-салтын! 
Абайлаңдар СПИД—тен, абайлаңдар! 

Жанболат:

Адам! Адам! 
Бөлісіп уайымды – 
Болашаққа болыңдар дәйім-үлгі! 
Бір-біріңе болыңдар мейірімді, 
Бір-біріңе болыңдар қайырымды, 
Дерт шалмасын, 
Ешқашан өрт шалмасын, 
Алып емен, ақ балтыр қайыңымды. 
Бір-біріңе болыңдар қайырымды,

Айдын: Аулақ бол жат қылыққа жоламағын ,

денсаулықты  ойлап әр кез қамын .

батпаңдап кірген ауру шығу қиын

Қиналар жанға батса шыбын жанның

Бауыржан: Шуақ шашып ата берсін нұрлы күндер

Аман болсын адамзат бақытты іздер

Аман болсын саналы ұрпақ

Тілеймін амандығын бізбен сіздер.

Рамазан: Қазақпын мен жеті жұтты өткерген,

Аман-есен өтіп келем өткелден,

СПИД деген аждаһа бар, сақ болайық,

Дүниені орап келер беткейден.

 Думан:

Келеді ғасырымыз нұрға айналып,

СПИД дерті шыға келді жырға айналып.

Енді міне тағдырдың тәлкегінде,

СПИД деген бәле тұр шыр айналып.

Арын сатып ақшаға мансап қуып,

Жастар жүр қазағыма салып бүлік.

Сол жастарға ақыл берер ақылшымыз,

Кім бар екен айтатын иық жұлып.


Нұрсұлтан:

Сол бір нәрсе ойымды мазалайды,

Кайдан келді СПИД деп қазбалайды.

Өзге елге елеңдеп еліктесең,

Сол СПИД әрбір жасты жазалайды.


Алтынбек:

Ей жастар біз емес пе ертеңі елдің,

Жол табу мақсатымыз енді біздің.

Қатерлі дерт СПИД ті жойып тастау,

Қолымыздан келер іс сіз бен біздің.

Дәулет:

СПИД-тен қорғаныңдар абайлаңдар,

Көзді ашып жан-жаққа қарайлаңдар.

Қатерлі дерт өзегінде кетіп қалмай,

Абайлаңдар, СПИД-тен абайлаңдар!

Асылжан:

Аты өшсін бұл кеселдің СПИД деген

Естісең түршігеді бұған денем

Жалбарынып сұраймын жаратқаннан

Сақтасын деп халқымды аман – есен.


Аружан: Көрініс "Монолог" Орындайтын: Аманжол Думан

монолог Спидпен ауырытын адамнын зары:


(Сыртта тұрып оқиды)


О, Жаратқан!
Жұмыртқадай жұмыр жер мен төңкерілген тайқазандай көк аспан! Сендер естисіңдер ме, мына менің зарымды? Айтыңдаршы, құтқаратын күш бар ма, мына мендей бейбақты.
(Мұңлы ащы әуен ойналады.)


(шығып оқиды)


Бұл тірлікте не тындырдым, не көрдім,
Құрбанымын СПИД деген кеселдің.
Ақтамай - ақ кетіп барам арманың,
«Жалғыз бала» деп өсірген әкемнің.
Кім кінәлі, аялаған анам ба?
Бар қажетті даярлаған қоғам ба?
Тек қана өзім кінәлімін сол үшін
Улы дерттің құрбаны мен болам да.
Жас жеткіншек!
Өздеріңе өлер кезде айтып кету борышым,
Ауырсаңдар бұл кеселмен,
Дәрігер де бере алмайды қол ұшын.
Құтқаратын күш жоқ, онда әлсіз тірі өліксің,
Жат әдетке жоламаңдар сол үшін!


Диас: Н. Ә. Назарбаевтың ұсынған Ұлт жоспары-«100 нақты қадам» бес институционалдық реформасының 82 - қадамының басты мақсаты: медициналық қызмет көрсетудің алдыңғы қатарлы стандарттарын енгізу (емдеу хаттамалары, кадрлар әзірлеу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, сапаны қолжетімдікті бақылау) жайлы тапсырма берді. Бұл қадамның - халқымыздың денсаулығын көтеруде септігін тигізері анық.


Аружан: Дұрыс айтасын, Диас. «Әрбір жаманшылықтың жағасында тұрып, адамның адамдығын бұзатын жаманшылықтан бойын жинақтау, бұл адамға нұр болады» дейді Абай атамыз. Бүгінгі сабағымыздан әрқайсымыз ой түйдік деген сенімдеміз және де "Біз Спидке қарсымыз!" деген мақсатта мына белгіні өздеріңізге ұсынамыз.


Диас: Бүгінгі "Спид - ғасыр індеті" тақырыбына арналған ашық тәрбие сағатымыз осымен аяқталды.

Сөз соңында мына бейне роликке назар аударғандарыңызды қалаймыз. Құрғақ цифрлар мен ауызша мәліметтердің орнын осы бейне ролик толықтырады деген сенімдеміз. Бұл сіздерге ескерту болсын!

(бейнеролик көрсетіледі)

Аружан: Ал енді достар "Мен СПИД- ке қарсымын" деген мақсатта өз белгілеріңізбен үлкен жүрегімізді толтыруларыңызды сұранамыз.



























































































































Қорытынды: ТЕСТ
1. СПИД жұқпалы ма?
а) Иә
ә) Жоқ
2. СПИД вирусын не дейміз?
а) Кох талшығы
ә) Айде
б) А вирусы
3. Қай жылы СПИД вирусы ашылды?
а) 1983
ә) 1985
б) 1956
в) 1988
4. Ауру белгілері бірден біліне ме?
а) иә
б) жоқ
5. СПИД қандай жолдармен таратылады?
а) жыныстық жолдар арқылы
ә) қан арқылы
б) тағам арқылы
в) насекомдар арқылы
г) кір қол арқылы.
6. Қай континетте адамдар СПИД - пен ауырғанын білмеген?
а) Африка
ә) Азия
б) Америка
г) Австралия
7. Қазақстанда СПИД - пен ауыратын адамдар кімдер?
а) жастар
ә) балалар
в) үлкен адамдар
8. СПИД - ті қандай жағдайда дұқтыруы мүмкін.
а) норкомания
ә) әңгіме кезінде
в) темекі шегу
г) жезөкшелік
9. Дүниежүзілік СПИД - пен күрес күні?
а) 1 қазан
ә) 1 желтоқсан
б) 1 қаңтар
10 Қай ел СПИД - пен ауырған адамдарды басқа аралға апарып тастайды, оларға жағдай жасайды?
а) Жапония
ә) Канада
б) Қытай
в) Куба



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Спид - ғасыр індеті

Автор: Искакова Гульнур Акмолдаевна

Дата: 16.03.2017

Номер свидетельства: 400763

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "СПИД – ХХІ ?асыр індеті. "
    ["seo_title"] => string(25) "spid-khkhi-g-asyr-indieti"
    ["file_id"] => string(6) "214194"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1432229117"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "Открытый час на тему "СПИД - ?асыр дерті""
    ["seo_title"] => string(41) "otkrytyi-chas-na-tiemu-spid-g-asyr-dierti"
    ["file_id"] => string(6) "321368"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1461262213"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Ж?Т? (СПИД) – ?асыр дерті. "
    ["seo_title"] => string(25) "zhk-tk-spid-g-asyr-dierti"
    ["file_id"] => string(6) "196370"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1428050353"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "?асыр індетін са?тайы?!"
    ["seo_title"] => string(25) "g-asyr-indietin-sak-taiyk"
    ["file_id"] => string(6) "315594"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459926884"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "СПИД - XXI ?асыр індеті"
    ["seo_title"] => string(19) "spidxxigasyrindieti"
    ["file_id"] => string(6) "256678"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1448197924"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства